Башқұртстанның Уфа қаласында «Ретро-шлягер» халықаралық вокал орындаушылары байқауы өтіп жатыр. Оған Федоров ауданындағы Федоров ауылында тұратын талантты вокалист Ксения Исенгазина қатысып жатыр.
Ксения Валерьевна – тек дарынды вокалист ғана емес, сонымен қатар білікті басшы. Ол ауылдағы Балалар өнер мектебінің директоры және Федоров ауданының Әйелдер-көшбасшылар клубының төрайымы. Ол өңір мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақ бойындағы өнер ұшқынын үрлейтін білімдар ұстаз аудандық және облыстық деңгейдегі концерттерге де белсене қатысады. Оның «Ретро-шлягер» байқауына қатысуы ұстаз шығармашылығының тағы бір жарқын беті болатынына сенімдіміз және оған сәттілік тілейміз! Байқау жақын арада мәреге жетіп қалады, біз оның қорытындысы туралы міндетті түрде жариялайтын боламыз. Сүйінші хабар күтейік, ағайын!
Байқау қорытындысы бойынша Ксения Исенгазина 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз.