Халық шығармашылығы мен көркем өнерпаздарының республикалық ХХХІІ дәстүрлі «Ұлытау үні» фестиваліне республиканың әр түкпірінен қатысушылар келіп, бас қосты
Кеше фестиваль бағдарламасы аясында Ұлытау-Қостанай облыстары арасындағы «Ұлт ұраны - Ұлытау» атты республикалық командалық ақындар айтысы, ақын, жалынды жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сарыарқа саңлақтары» дәстүрлі әншілер байқауы өтіп біздің өнерпаздар жеңіске жетіп, бір жасап қалдық.
Бүгін Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда аманаты» республикалық мультиаспапшылар байқауы өтті. Біздің өңірден Федоров аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Жандос Мырзахметов қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін арнайы жүлдеге ие болды. Мерейің үстем болсын, Жандос!