#REPOST @madeniet_basqarmasy Жастар сарайында Наурыз мейрамы аясында «Наурыз достарын шақырады» V халықаралық халық би фестивалі өтті
Фестивальдің негізгі миссиясы түркі халықтарының ұлттық мәдениеттерін жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Фестивальге Қырғызстан (Бішкек қ.), Өзбекстан (Ташкент қ.), Башқұртстан (Стерлитамак қ.), Татарстан (Қазан қ.), Челябинск қ., Қазақстан және Қостанай облыстарының балалар-жасөспірімдер хореографиялық ұжымдары қатысты.