Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен. Қостанайда дәл осындай атаумен республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар фестивалі өтті.
Негізгі мақсат - ақын, жырау шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, жыр өнеріне жастарды баулу. Облыстық мәдениет басқармасының және халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстан республикасының мәдениет қайраткерлері, дәстүрлі ән орындаушылар мен ардагер жыршылар қатысты.