"Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен..." Дүбірлі додамызға келген жыр жұлдыздары мен терме таланттары Нұржан Наушабайұлының кесенесіне барып тағзым жасады
Тобыл қаласындағы
Н.Наушабайұлы атындағы мектепке арнайы барып ақынның мұражайын тамашалап, мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздар мен оқушылардың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бағдарлама барысында Н.Наушабайұлы атамыздың өлеңдері оқылып айтыстарын үзінділер көрсетілді.
Мектеп ұжымына, оқушыларға келген қонақтарымыз разы болып алғыс білдірді.
#ГидПоКазахстану


