Тәтіқара жыраудың 318, Сарыкөл ауданының 95 жылдығына орай мәдениет қызметкерлері арасындағы "Өнер арланы - 2023" қазақ күресінен облыстық турнир қатысушыларының вокалдық фестивалі өтті.
Турнир ережесіне сай палуандар өнерпаз екендерін қалың көпшілікке дәлелдеу үшін сахнада ән салып, күй тартты.
Фестиваль талаптары бойынша қатысушылар Тобыл-Торғай композиторларының 1 әнін немесе 1 күйін орындады.
Фестиваль соңында қатысушыларды Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары Әлия Молдабайқызы мен фестиваль үздіктері атанғандарды Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Елтайұлы марапаттады.
Фестиваль лауреаттары:
Мейір Нұрмұхамбетов - Меңдіқара ауданы;
Алмат Елшібаев - Жітіқара ауданы;
Асылбек Қабдуахитов - Ұзынкөл ауданы.
Қатысушылардың бәрі дипломмен, статуэткалармен, ал лауреат атанғандар 50 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.
#ГидПоКазахстану






