ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жас ақын Нұрислам Рағатов бүгін Астана қаласында өткен "Өлеңге құмар өрендер" атты аймақтық оқушылар айтысының БАС ЖҮЛДЕСІН жеңіп алып, ұйымдастырушылар тағайындаған 300 000 теңгені қанжығаласа, туған ағасы, яғни жетекшісі Айбар Рағатов 600 000 теңгенің стипендиясына ие болды.