altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
"Қостанай таңы" газеті: Тағылым һәм тағзым
12.10.2018
1811
0
QOSTANAI TAÑY

Әлібек ЫБЫРАЙ



Тағылым һәм тағзым




Қостанайда ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, дәулескер күйші, «Мирас» ұлт-аспаптар ансамбілінің негізін қалаушы Абай Әмірхановты еске алуға арналған «Ғасырлар пернесі» облыстық фестивалі болып өтті.

Фестивалге облыстың Жанкелдин, Аманкелді, Федоров, Алтынсарни аудандары мен Арқалық қаласынан келген жеті өнер ұжымы қатысты. Абай Ғазизұлын Торғай, Қостанай көлемінде білмейтін адам жоқ. Жастайынан өзінің өлмес өнерімен танылған А.Әмірханов есімі оның талантын құрметтеген үлкен-кішіге жақсы таныс. Ол кезінде Қостанайдағы "Мирас" ансамблін ұйымдастырып, ұлттық өнерді насихаттауға ерекше үлес қосты. Кейін Астана қаласына қызметке ауысып, осындағы "Сарыарқа" ансамбліне жетекшілік етті. Астана қалалық филармониясын басқарды. Абай ағамыздың ерекше атап өтерлік бір ісі – түрік тілдес жастардың басын біріктіріп, "Орал мұңы" халықаралық фестиваль-конкурсын ұйымдастырушылардың бірі болған еді. Екі жылда бір рет Башқұртстанның астанасы Уфа қаласында өтетін бұл өнер жарысына Қырғызстан, Түркіменстан, Қазақстан, Алтай республикасы, Шешенстан, Дағыстан, Хакасия, Тува, Татарстан, Башқұртстан және басқа елдерден ұлттық өнер майталмандары жиналып, думан қыздыратын. Абайдың "Мирасы" сол аламан бәйгеден жүлделі оралып еді-ау. Әттең, бәйгеге үкілеп қосып жүрген сол өнерлі азаматымыз өмірден ерте өтті. Небәрі 47 жасында! Бірақ оның күш-жігерімен құрылған «Мирас» ансамблі әлі күнге дейін сахнадан түскен емес. Оны Абай Ғазизұлының талантты шәкірттерінің бірі Берік Оразалин лайықты жалғастырып келеді. -Осы «Мирас» мәдениет сарайын ашар кезде ат қою керек болды. Сол кезде қалалық әкімдіктегілер: «Мирас» агнсамблі ең бірінші осында құрылған. Ендеше, мәдениет сарайының да аты «Мирас» болсын деп, біздің ансамбльдің атын қойған. Егер Абай болмаса, «Мирас» болмас еді. «Мирас» болмаса, ондай ат қойылмас та еді. Бүгін Абай ініміздің, менің ең жақсы көретін досымның әрауғы бір аунап түскен шығар. Бүгінгі кешті ұйымдастырып отырған облыстық филармония мен қалалық мәдениет бөліміне, «Мирас» мәдениет үйіне алғысым шексіз,-дейді ҚР Композиторлар одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдин. Иә, Абай марқұм Қостанайда кәсіби мәзыка мамандарын даярлауда көп тер төкті. А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-дегі өнер факультетін басқара жүріп, өзі тәрбиелеген шәкірттерімен бірге талай шетелдерді аралап Қазақ өнерінің құдіретін танытты. Абай Әмірханов жетекшілік еткен «Мирас» ансамблінің сырт елдерден жүлдесіз қайтқан кезі болған емес. -Абай ағамыз өнер жолында үлкен із қалдырған кісі. Ол Қостанайға қазақтың домбырасын әкелген азамат ретінде белгілі. Сондықтан, мынау ұйымдастырылып отырған шара өте бір тағылымды іс қой деп есептеймін. Ол кісі көзі тірісінде қаншама шәкірт тәрбиеледі. Солардың дені бүгін ұстаздарын еске алуы бізде ерекше тебірентті. Абай ағамыздың жасамаған жасын, жары, балалары жасасын,-дейді Олжабай Файзуллин. Фестивальде әр ауданнан келген өнер ұжымдары қазақтың күйлерін асқақтатты. Сондай-ақ, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері Манапбек Қадыров, Азамат Мұқатов, Күнсұлу Жақаева, Қыдырбек Қиысқан, Ботагөз Дүбірбаева, Байдос Қожасағиев, Нұрсұлтан Қасым т.б әншілер халық әндерін, қазақ композиорларының әндерін әуелете шырқады. Фестивальге қатысушылардың бәрі құр қол қайтқан жоқ. Олардың бәріне облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. -Бүгін Абай ағамыды еске алуға арналған осындай үлкен өнер фестивалін ұйымдастырған облыстық мәдениет басқармасына, облыстық филармония ұжымына және бүгінгі кеште өнер көрсеткен барлық ұжымдарға Әмірхановтар әулеті атынан, туған-туыстар атынан алғыс айтамын. Ағамыз қайта тірілгендей болды. Әбекемнің алды өзі \не жарық болып, иманы көркем болсын! Арты барша туғандарға, өнер сүйер ағайынға қайырлы болсын дегім келеді. Ағамыз оны танитын, бірге арласқан азаматтардың жүрегінде мәңгі сақтала береді. Ол кісі өнермен бірге мәңгі жасай береді. Артында қалған ізден осыны байқауға болады,-дейді Абай Ғазиұлының туған інісі, Қостанайдағы Жайлаубай ата мешінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов. Қысқасы, «Ғасырлар пернесі» фестивалі Абай Әмірхановтай қазақтың біртуар ұлына жасалған тағзым әрі жас ұрпақ бойына сіңіре жүрер тағылымды басқосу болғанын айта кеткен жөн. Бұл туралы газетіміздің алдағы нөмірлерінен толық оқи аласыздар.
 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
13.01.2025
Б. Майлин дом культуры
Әзіл-сықақ кеші.
13.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
«JAS star.kst» қалалық шығармашылық конкурс өткізу туралы ЕРЕЖЕ
10.01.2025
Алтынсарин дом культуры
«Көк бөрі» ВАА
06.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
«Әлем біздің көзімізбен» ҚБ-дан «МИРАС» МҮ басшылығы мен ұжымына Алғыс хат
01.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
"Мирас" МҮ жаңа жылдық концерттік бағдарламасы (ФОТОРЕПОРТАЖ)
01.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
Түнгі сағат 00.00-де лед-экранда ҚР Президентінің құттықтауы көрсетілді, бұл құттықтау сөздері алдағы жылға мерекелік және шабыт атмосферасын сыйлады
01.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @marat_zhundubaev ✅ Құрметті қостанайлықтар және қала қонақтары! Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiз!
01.01.2025
Қостанай қ. дом культуры
22:00 - 23:00 аралығында ең жарқын музыкалық қойылымдар өтті Жаңа жылғы түннің ең басты сәтін күту кезінде, концерттік бағдарлама баршамызға керемет эмоция сыйлады
31.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін «Затея» балалар клубының қатысуымен «Жаңа жылдық көңіл-күй» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті
31.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін «Жаңа жыл түнінің сиқыры» атты мерекелік бағдарлама өтті
31.12.2024
Амангелді дом культуры
«Жақсылықпен кел, Жаңа жыл» - атты думанды кеш өтті
30.12.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің балаларына арналған ертеңгілік өтті
30.12.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 26 желтоқсан күні Денисовка ауылының орталық алаңында Денисов ауданының бас шыршасын жағу рәсімі өтті
28.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
28 желтоқсанда сағат 17:30-де жылы және мерекелік ортада аға буын өкілдеріне арналған «Жаңа жылдық жарқын кеш» атты би бағдарламасы өтті.
28.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 28 желтоқсанда, "Мирас" МС әртістерінің ұйымдастыруымен номер №13, №8, №10 маршруттарында Жаңа жылдық маршрут атты қызықты бағдарлама өтті
27.12.2024
Амангелді дом культуры
«Көңілді шырша» шамдарын жағу рәсімі өтті
26.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қонай тұрғын алабында шыршаны жағу
26.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @marat_zhundubaev ✅ Бүгін, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, қоныстанушылар «Береке» шағын ауданындағы №38 үйдің пәтерлерінің кілттерін алды
26.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай теміржол вокзалына 50 жыл толды
26.12.2024
Қостанай қ. дом культуры
24 желтоқсан күні сағат 10:00-де УКА 1612 аумағында «Төрлет құтты жаңа жыл» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Әзіл-сықақ кеші.
Автор: Б. Майлин дом культуры
13.01.2025
Ary qaraı
«Көк бөрі» ВАА
Автор: Алтынсарин дом культуры
10.01.2025
Ary qaraı
«Көңілді шырша» шамдарын жағу рәсімі өтті
Автор: Амангелді дом культуры
27.12.2024
Ary qaraı
Қонай тұрғын алабында шыршаны жағу
Автор: Қостанай қ. дом культуры
26.12.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý