Мемекеттік рәміздер әр адамның жүрегінде
Алтынсарин аудандық мәдениет үйінде 4 маусым күні «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің бейнесі» атты Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Бағдарлама басында аудандық Маслихат хатшысы Есмуханов Б.М. және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сеитов Ж.К. құттықтау сөз сөйледі, сөз арасында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қазақ жерінде бірлікте өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілерін біріктіретін құрал екенін ескере кеттік. Мерекелік концертте Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымының үздік нөмірлері көрсетілді, мемлекеттік рәміздерді өз жүрегінде сақтаған көрермендерді туған өлкеміз Қазақстанды мақтан ететін патриоттық рухпен қуаттандырды. Көрермендер халықтық «Мұрагер» ансамблін, «Әуен» вокалдық триосын, «Қыран» вокалдық дуетін және «Талисман» би ұжымын керемет қошеметпен қарсы алды, мереке соңында «Алға» әні Аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры Талған Қапиятов және Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрсұлтан Шуленовтың орындауында болды.