Bizdiń MıssııamyzOrtalyq qurylymyOBLYSTYQ MÚ SAITTARYQostanaı obl. Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryGalereıaBiz BAQtaShyġarmashylyq shuġylasyAýyl tynysy«Tobyl - Torģai» áỳenderi«MÁDENIET» jýrnalySuraq-jaýapBizdiń Jobalar
QOSTANAI OBLYSYNYŃ MÁDENIET ÚILERINIŃ AQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
AÝYL TYNYSY
Арқалық қалалық Мәдениет сарайына қарасты Фурманов ауылдық «Жастар» мәдениет үйі
27.01.2020
99
0

Фурманов ауылдық «Жастар» мәдениет үйі 1991 жылы «Бірлік-К» ЖШС директоры, жанашыр азамат Қ.Қ.Мұқашовтың қолдауымен қайта күрделі жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне берілген болатын.




Кейін 2008 жылдан бастап Фурманов ауылдық «Жастар» мәдениет үйі Арқалық қалалық Мәдениет сарайының баланысына беріліп, қазіргі уақытқа дейін Фурманов ауылдық «Жастар» мәдениет үйіне осы салада көп жылдық еңбек өтілі бар, мәдениет ұйымдастырушысы Жаңабергенов Қанат Ерхатұлы жетекшілік жасап келеді.

Шығармашылық мамандар ауыл тұрғындарына арнап жылдық жоспар бойынша мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып, жұртшылыққа рухани азық сыйлап ел ықыласына бөленуде.

Бұл ауылда көркемөнерпаздар ауыз толтырып айтарлықтай көп. Үнемі қалалық байқаулар мен фестивалдерге белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүретін ауылдардың бірі.

Бұлда болса ауыл қызметкерлерінің зор еңбегі деп білеміз. Мәдениет үйіне қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, қажетті құрал жабдықтармен қамтамассыз етіліп отырады. Соның нәтижесінде мекеме меншігіне музыкалық аппаратура алынды.

Сондай-ақ мәдениет үйінде 4 (төрт) жанр бойынша үйірмелер жұмыс жасап келеді. Олар: хореография, вокал, аспаптық жанр және көркем сөз.

Әр атқарылған жұмыстарының нәтижесін айлық ақпарат арқылы қалалық Мәдениет сарайының,  ауылдық клуб мәдениет үйлерінің меңгерушісіне мәлімдеме жасап, есеп беріп отырады.

Қанат Ерхатұлы өз ісінің адал, шебері. Кез-келген тапсырманы уақытында жауапкершілікпен орындап отырады. Мекемеге қажетті талаптарға өз ұсынысын білдіріп үнемі жанашырлықпен қарайды.

Облыстық, республикалық байқауларға өнерпаздар даярлап, жетістікпен оралып ел-жұртшылығын қуантуда.  Жылда дәстүрге айналып өткізіліп отырылатын  ауыл-село халық шығармашылығы көркемөнерпаздар ұжымдарының арасында өтетін қалалық фестивальге қатысып, жүлделі бірінші және екінші орындарды иеленіп келеді.

Сонымен қатар 2017 жылы  осы ауылдық «Жастар» мәдениет үйі облыстық «Ең үздік ауылдық клуб» байқауына қатысып үшінші орынға ие болды.  Жыл сайын өткізіліп отыратын қалалық «Жігіт сұлтаны», «Пай-пай қазақтың келіндер-ай!»,  «Баталар» сайысының тұрақты белсенділері. 2020 жылдың алғашқы атқарылған іс-шарасы «Сағындырған әндер-ай!»  ретро ән фестивалімен басталды. 

Осы уақытқа дейін ауылда өтетін ауқымды мәдени көпшілік іс-шараларға үнемі «Бірлік-К» ЖШС директоры Қ.Қ.Мұқашов демеушілік жасап отырады. Ауылымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан азаматтар мен өнерпаздарға алғысымыз шексіз!


 

Арқалық қалалық Мәдениет сарайының ауыл мәдениет үйлері мен клубтарының меңгерушісі Оңдаған Айбол Айдарұлы

 

Pikirler (0)
Jiberỳ
ALDAǴY ÝAQYTTA BOLATYN OQIǴALARǴA AŃDATPALAR
Журнал «Мәдениет»
ÓZGE JAŃALYQTAR
«АРМАН» шығармашылық клубы
Автор: BASTY дом культуры
24.02.2020
Ary qaraı
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
«Солдат войны не выбирает»
Автор: Федоров дом культуры
14.02.2020
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý