Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданының тұрғындары жаңа үйге кіріп, қоныс тойын тойлауда. Тұрғындарға жаңа үйдің кілттерін облыс әкімі А.Мұхамбетов табыстады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша рекордтық қысқа мерзімде - екі айдан аз уақыт ішінде әрі жүргізілетін тыңғылықты жұмыстардың арқасында «Бірлік» символдық атауы бар жаңа шағын ауданда бірыңғай сәуле нақышындағы 91 үй салынды. Әр үйде 4 бөлме, жалпы ауданы 100 шаршы метр және 10 сотық жер учаскесі, қажетті инфрақұрылым бар: сумен, газбен, электрмен, интернетпен, сонымен қатар кіреберіс жолдармен қамтамасыз етілген.
Тұрғын үй құрылысына 2,3 млрд. теңге бағытталған. Тоқтаусыз жүргізілген жұмыс жемісін берді. Зардап шеккендер қысқа қалмай, аз мерзімде өз үйлеріне кірді. Жаңа үйлерді құрылыста мол тәжірибесі бар 12 құрылыс ұйымы салған. Өңір басшысы А.Мұхамбетов барша отандастарға, кәсіпкерлерге және басқа да азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға алғысын білдірді. Еліміз аман болсын!