2019 жылғы 20 қараша күні Қостанай облысының аудандары мен қалаларының дәстүрлі әншілеріне арналған «Батыс Қазақстан әншілік мектебі мен Арқа әншілік мектебінің айырмашылығы және қағыс ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сағаты өтеді. Шеберлік сағатын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, дәстүрлі ән өнерінің майталманы АЙГҮЛ ҚОСАНОВА өткізеді. 20 қараша, сағат 11:00 «Целинная» қонақ үйінің конференция залы