2020 жылы Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы аудандық, ауылдық клубтардың жұмыс барысымен танысу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Зерделеу" бағдарламасын енгізген болатын. 11 наурыз күні аталмыш бағдарлама халық шығармашылығы орталығы мамандарының жетекшілігімен Қостанай ауданының Қостомар, Айсары және Половников ауылдық клубтарынан бастау алды.