2024 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады.
Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және басқа да мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.
Егер сізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай да бір ұсыныстар, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының
«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК-де сіз білетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер болса, оларды электрондық мекенжайға жібере аласыз 1@ocsnt.kz .