Шеберлік сабағын халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының иегері, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының әншісі Санарова Галина Алексеевна өткізді.
Шеберлік сабағы барысында қатысушыларға «Виват» студиясы әншілерінің көмегімен теория және практика жүзінде бірнеше шығармалар талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға үзіліс уақытында кофе-брейк ұйымдастырылды.
«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК директоры Д.Е.Қалқаев қатысушыларға сертификат және шеберлік сабағын өткізуге қолдау көрсеткені үшін мектеп директоры Нұрманова Ботагөз Жанабылқызына және Санарова Галина Алексеевнаға алғыс хат табыстады.
Қатысушылар саны 30 адам болды.






































