20 қараша күні «Целинная» қонақ үйінің конференция залында Қостанай облысының аудандары мен қалаларының дәстүрлі әншілеріне арналған «Батыс Қазақстан әншілік мектебі мен Арқа әншілік мектебінің айырмашылығы және қағыс ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Қосанова жас әншілерге дәстүрлі ән орындаудың өзіндік ерекшеліктері мен ән айтуда домбыра тарту шеберлігінің маңызы жөнінде түсіндіріп, дем алу, сөзді анық айту, қол қағыстары мен әннің көркем мәнерлі орындалу жолдарын көрсетті.
Шеберлік сағатына Жангелдин, Меңдіқара, Алтынсарин, Қостанай, Амангелді аудандары және Рудный қаласының дәстүрлі әншілері қатысып, практика жүзінде сабақ алды, сонымен қатар, қатысушыларға сертификат табысталды.