QOSTANAI OBLYSYNYŃ MÁDENIET ÚILERINIŃ AQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
Bizdiń MıssııamyzOrtalyq qurylymyOBLYSTYQ MÚ SAITTARYQostanaı obl. Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryFoto men vıdeo galereıasyBiz BAQtaSuraq-jaýap
HALYQ JANRLARY BOIYNShA MASTER-KLASSTAR
А.АЛМАТОВ: «ӨРЕНДЕРДІҢ МОЙНЫНДА ҮЛКЕН МИССИЯ ТҰР...»
16.10.2019
137
0
 

Жырау, домбырашы, профессор, фольклортанушы Алмас Алматов Қостанайда. Қазақтың жыраулық өнерін өшірмей осы күнде жас өскіннің бойына дарытып-ақ жүрген қайраткер шеберлік сабағын өткізді.





Нұржан Наушабайұылының 160 жылдығына байланысты Қазақстанның өзге өңірлерінен және облысымыздың әр түкпірінен дәстүрлі әншілер жиналды.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, қазанның 16-17 аралығында «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» атты І республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы өтеді. Бүгін бірінші кезең басталады.
Тақтақ ақынның шығармашылығын бұрқыратпаққа келген жас талаптар абыздың ақылына құлақ түрді.

Жырды, дастанды, толғауды жаттап алу мен сіңіріп алудың ара-жігі бар, - деп бастады келесі бір ойын Алмас Алматов.- Мәселен, «Теміртас»! Біз үшін бірер ауыз ғана өлең болуы мүмкін, ал задында мән-мазмұнына терең бойлар болсақ, тұтас ғұмыр жатыр. «Ләйлім», «Мақпал» сынды туындыларды айтам да, осынау керемет жауһарларды жазып кеткен мықтыларың ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда ғана өткен. Ал қыз сұлулығын әспеттеудегі әндемді бір құдырет, терең философияның дәргейіне көп жағдайда жете бермейміз. Қазіргі күндері «клип», «бейнеклип» деп жатады, әлгі әндердің сүйемелдеуіш құралдарын.

Біле-білсеңіздер, жолдастар, Ақанның, Мәдидің, Нұржанның, Кененнің бір-бір туындысының өзі жеке фильмге татитын қою дүние. Сондықтан, бәленбай ауыз туындыны тұтастай судыратып жаттағаннан бір қайтарымын болса да, түйсікпен қабылдап, қауымға паш еткеннің құны артық қашанда.

Алмас Нұрмаханұлы жас өскіндермен жүздесуде Ұлттық университеттің қабырғасында 1998 жылы Дәстүрлі өнер кафедрасының қалай ашылғаны хақында аз-кем тебіренді.

Жыраудың айтысына қарағанда, сол кезгі министр Қырымбек Көшербаевтың бекітуімен, Алматыдағы атағы дардай оқу ордасында қазақтың төл өнерінің тұлпарларын баптаудың біссімілләсі басталған екен.

Қадірлі достар, жас өскін таланттар, сіздердің мойындарыңызда үлкен миссия бар, былайғы тілмен айтқанда.

- Жырау әңгімесін осылайша діттеген арнасына бұрды. -

Ғасырлар бойы қалыптасып, даланың, бабаның зарын, мұңын, қуанышын, миятын дарытқан орасан бай дүниені өлтіріп алмау керек. Баба мұраны бүлдірмей келешекке аманаттау – ортақ парыз, міндет!

Кездесу барысында Алмекең «Көроғлы» қаһармандық халық эпосының үзіндісін орындап, айналасындағыларды байырғы бекзат өнердің кемесіне мінгізіп, тылсым әлемге күмп берді. Жергілікті өнерпаздар да жырдан шашу шашты.

Жиын соңында әр қатысушыға сертификат табысталды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қостанай облысының аудан (қала) жыршы-термешілеріне арналған «Жыраулық дәстүрдің тарихи бастауы және рухани-ағартушылық міндеті» шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын қазақ ұлттық өнер университетінің "Дəстүрлі əн" кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, фольклоршы-ғалым, "Парасат" орденінің иегері Алмасбек Алматов жүргізді.

Публикация от ocsnt.kz AQP.OBLYS MÚ PORTALY (@culture_qostanai)

 

Нұрқанат Нүсіпхан
Pikirler (0)
Jiberỳ
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Бұл айтыс бұрынғыдан өзгерек…
Автор: Меңдіқара дом культуры
30.11.2019
Ary qaraı
«Елбасымыз – мемлекетіміздің бет айнасы»
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
30.11.2019
Ary qaraı
"АТАМЕКЕН" VI ҚАЛАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ
Автор: Рудный қ. дом культуры
29.11.2019
Ary qaraı
«..ҚАТЫП ҚАЛҒАН БІР АҒЫМДЫ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК!»
Автор: OQIǴALARDYŃ KALEIDOSKOPY дом культуры
28.11.2019
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX
Telefony:
8 (7142) 392-396, 392-397
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý