Құттықтаймыз! Байқау хореографиялық көркемөнерпаздар шығармашылығын қолдау және дамыту, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту, үздік шығармашылық хореографиялық ұжымдарды анықтау мақсатында өткізілді. «Қызғалдақтар биі» онлайн аймақтық хореографиялық байқауының әділқазылар алқасы Қостанай педагогикалық колледжінің хореографиялық бөлімінің меңгерушісі, облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты С.М. Доспанова, Қостанай педагогикалық колледжінің хореография кафедрасының оқытушысы, «Костанайские зори» би ансамблінің солисі, «Шабыт» номинациясы бойынша Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Қ.С. Жаркенов және «Дарынды балаларға, талантты педагог» республикалық педагогикалық байқауының 1 дәрежелі лауреаты, Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының лауреаты, хореография кафедрасының оқытушысы, «Magic jump» би ұжымының жетекшісі А.Ж.Дукенованың бағалауымен: І-орын «Ақбота» халық би ансамблі, жетекшісі Айгерім Балғынбаева, Арқалық қаласы, ІІ-орын «Ерке наз» би ансамблі, жетекшісі Жанат Алимбаева, Жангелдин ауданы, арнайы сыйлық- «Қызғалдақтай ерке қыз» биі, орындаған Мөлдір Ғабдыбекова, жетекшісі Данагүл Молдашева, Амангелді ауданына берілді.
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz: