Жоралғы күніне арналған "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" атты құрмет көрсету, сый-сияпат ұсыну салты. Жоралғы – қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпындағы кәделердің бір түрі: жасы үлкен адамдарға, ағайын-туыстарға немесе сыйлы қонақтарға қалыптасқан дәстүрлерге сай көрсетілетін құрмет, берілетін сый-сияпат. “Жоралғысыз жол болмайды” деп түсінген қазақ халқы ата-бабалар дәстүрін шамасы жеткенше орындауға тырысқан