Әуезханова Қымбат Сырбайқызы- актриса, 13 ақпан 1992 жылы Қостанай облысы, Жангелді ауданында туған. 2009-2013 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік-педагогикалық институтын "Қобыз аспабы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014-2016 жылдар аралығында Жангелдин аудандық мәдениет үйінде, Арқалық қаласындағы Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында еңбек етті. 2016 жылдан бастап Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы. Сомдаған рөлдері: Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда: "Құдалар" - Әсел (реж.Қ. Есенғұлов), "Әке тағдыры" - Майраш (реж.Қ. Есенгұлов), "Маугли" - Ана бөрі (реж.А. Қайырбекова), "Күшік күйеу" - Алмушка (реж.Қ.Есенғұлов), "Махаббат қызық мол жылдар" - Майра (реж.Д. Құбаш), "Бір түп алма ағашы" - Ләйлә (реж.Қ. Есенғұлов), " Әнім сен едің" - Сағыныш (реж.А.Баймахан), " Үйлену" - Дуняша (реж.А.Баймахан), " Жорықты жылдардың жігерлі жырлары "- Қатира (реж. А.Баймахан), "Ботақара-Шешенбике" - Аймаңдай (реж.А.Баймахан), "Қаламгер" - Гүлжамал Майлина (реж.А.Баймахан), "Ақжігіт асулары "- Балқадиша (реж.А.Баймахан), "Айна ғұмыр "- Кіші келін (реж. Д.Құбаш), "Мұңмен алысқан адам" - Маржан (реж.Е.Төлеубай), "Құс жолы" - Толғанайдың жас кезі (реж. Н.Абдыкадыров). Жетістіктері: 2019 жылы "Абақ керей Ботақара батыр" қоғамдық бірлестік басқармасы атынан мақтау қағазы (Моңғолия Республикасы Баян-Өлгей аймағы, Өлгей қаласы) мен "Бейімбет Майлин" қоғамдық қорының алғыс хатының марапатталды.
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz: