Досанова Ақдəмен Əбдуəлиқызы Актриса, 1959 жылы 3 қарашада Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық Мəдениет үйі жанындағы "Ғасырлар пернесі" фольклорлық-этнографиялық халық ансамблінің əншісінен бастады. Халық театрында Ғ.Мүсіреповтың либереттосы бойынша қойылған "Қыз-Жібек" спектаклінде Қыз-Жібек рөлін сомдады. 1991 жылы Торғай облыстық қазақ драма театрының шақыруымен театрға актрисалық қызметіне қабылданды. 2003 жылы Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрына ауысып, содан бері аталмыш театрда қызмет етіп келеді.