
Көне аспаптарды зерттеуші этнограф, ғалым, профессор Болат Сарыбаев осы ансамбльдердің құрылуына көп еңбек сіңірді. Біз біле бермейтін қазақтың көне музыкалық аспаптары шертер, жетіген, шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, жел қобыз, бас шертер, дабыл, дауылпаз, даңғыра, тас тұяқ, шылдырмақ, қоңырау, асатаяқ, тоқылдақ, шың, ортеке т.б. аспаптарды таныстырып тартып үйретті.
Торғай жерінде өзіндік бағыт - бағдары бар «Ғасырлар пернесі» атты фольклорлық халық ансаблін құруда іргетасын қалаушыларының бірі Болат Хамзин болды. Оның негізігі мақсаты тарихы бай өлкенің халық әндері мен күйлерін көне әуендерді өнер саңлақтары қобызшы, бақсы Закария Кәрібаев пен халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің күйлерін, сондай- ақ жергілікті сазгерлердің музыкалық шығармаларын қалың көпшілікке таныстырды.
Бірінші концерттің бағдарламасына қазақтың ән өнерін жинақтап бастыруға орасан зор еңбек сіңірген әйгілі ғалым - композитор А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» деп аталатын кітабына бұрыңғы Торғай губерниясынан жинаған әндерімен қазақ композиторларының шығармалары енгізілді. Көрермендер «Айда, былпымды», «Бозінген», «Кеңесті», «Көкек» пен «Әпитөкті» жергілікті ақын композитор Нұрхан Ахметбековтың жырларымен «Жеңіс», «Июнь жарлығы» атты күйлерін тыңдап бір серпіліп қалатын. Ансамбльдің репертуары мен орындаушылық шеберлігі жылдан жылға жоғарылады. Бағдарламада У. Брамстың «Венгр»биі, П.Чайковскийдың «Неаполитан әні», В.Моцарттың «Волынкасы», Затаевичтің « Қазақ маршы», орыс халқының «Коробейники» әнінің өнделген түрі және басқа шығармалар берік орын алған.
1980 жылы «Ғасырлар пернесі» «Халық ансамбілі » атағына ие болды .
1981 жылы Алматыда халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде шығармашылық есеп беру концертін қойды.
1984 жылы Ақтоғай- Саяқ теміржолы маршруты бойынша Талдықорған облысының Матай ауданында өнер көрсетті.
1985 жылы Мозамбик Халық Республикасында өнер көрсетті.
1986жылы «Ғасырлар пернесі » ансамблінің концерттік бағдарламасы қазақ телеарнасының «Алтын қорында» сақтаулы.
1987 жылы Алматыда өткен Торғай облысы күндеріне қатысты.
1988 жылы Алматыда «Біз бәріміз - бауырмыз» халық өнері ІІІ- бүкілодақтық фестивалінің бастанғы концертіне қатысты.
1988 жылы Украинада өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде өнер көрсетті.
1989 жылы Алматы «Жігер» жастар фестиваліне қатысып дипломант атанды.
1990 жылы Сирия, Иордания Хашимит Корольдігінде болды.
2009 жылы ХХІІІ - облыстық «Достық әні тербелген дархан дала!» атты халық шығармашылығы фестивалінде Бас жүлдені иеленуге ансамбльдінде қосқан үлесі мол.
Ансамбль шын мәнінде халық мұрасын алға апарушы коллективтердін бірі.
Ансамбль жетекшілері:
1974 жылы Тарғынбек Боранбаев.
1975-1992 жылы Бақытжан Сәуекенов.
1992-1995 жылы Ләззат Хамзина.
1995-1997 жылы Алтынбай Сейтқасымов, Кәдіржан Хасенханов.
2000-2004 жылы Айбар Хамзин.
2004-2008 жылы Қалес Иланов
2008-2010 жылы Кәдіржан Хасенханов
2010- 2014 жылы Алмас Сейлхан
2014-15 жылы Жаңа-Жыл Кемелтаева
