Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері және ауылдық клуб жетекшілері аттаестациялаудан өтті.

Еңбек Кодексі және «Мәдениет туралы» ҚР Заңына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен мемлекеттік мәдениет
ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің жаңа қағидалары бекітілді. Жаңа Қағидаларға сәйкес, аттестаттау келесі тізбекті кезеңдерді қамтиды: тестілеу және әңгімелесу.
2020 жылғы 10 қыркүйекте «Юбилейный» Мәдениет үйінің қызметкерлері мен ауылдық клуб жетекшілері аттестаттаудың бірінші кезеңі - тестілеуден өтті. Тестілеуге 16 азаматтық қызметші қатысты. Тест нәтижелері бойынша «Юбилейный» МҮ барлық қызметкерлері өту ұпайларын жинады.
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде «Юбилейный» МҮ базасында мәдениет үйінің қызметкерлері және ауылдық клуб жетекшілерімен әңгімелесу өтті. Әңгімелесу және тестілеу нәтижелері бойынша барлық қызметкерлер аттестаттан сәтті өтті.

