04.06.2020 жыл "Юбилейный" мәдениет үйінде "Ел - бейнесі, ел - рәміздері!" атты ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік онлайн концерт өтті. Концертте елге, Отанға арналған әндер шырқалды. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын деген жақсы тілекпен концертті аяқтадық.