21.05.2020 жыл "Юбилейный" мәденеиет үйінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған "Люди создащие праздник" атты онлайн режимде мерекелік концерт өтті. Концертте ауылдық клуб көркемөнерпаздары ұжымының атынан бейне құттықтаулар жолданды. Мәдениет шеберлері еңбек ардагері – режиссер Юрий Турчанинов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов және мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті. Меңдіқара ауданының мәдениетінің дамуына маңызды үлес қосқаны үшін, Мәденеиет және өнер мерекесі қарсаңында бір қатар қызметкерлер марапатталды. Аудан әкімі мен «Меңдіқара ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ атынан грамоталары табысталды.