Қазақстан Республикасында енгізілген төтенше жағдайға байланысты халық арасында #Biz birgemiz акциясы басталған болатын. Меңдіқара ауданының талантты жастары да бұл шарадан шет қалған жоқ, 1 сәуір күні «Юбилейный» мәдениет үйінің әншісі Байдос Қожасағиев Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфирі арқылы «Елге тарту» атауымен жеке концертін берді. Байдостың орындауында қазақ халық әндерімен қатар эстрада әндері де шырқалды.