2019 жылдың 24 қарашасында Алматыда VI Халықаралық «Би әлемі» би өнері байқауы өтті.
Бұл байқауға Қазақстанның әр аймағынан, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстаннан және т.б. жерлерден 170 топтар мен солистер қатысты. Қостанай ауданының намысын Ольга Бвакинаның жетекшілігіндегі «Надежда» халықтық би ансамблі, Данияр Бекбаевтың жетекшілігіндегі «Меруерт» хореографиялық тобы және Валерия Кочкина қорғады. «Надежда» халықтық би ансамблі екі хореографиялық қойылым жасады, аралас топ «Тұсау кесу» стильдендірілген қазақ халық биін көрсетті және қазақ биі номинациясы бойынша ІІ дәрежелі лауреат атанды, ал кіші топ балалар хореографиясы номинациясында «Малявки» эстрадалық биін орындап, бірінші орынды иеленсе, «Меруерт» хореографиялық тобы сайыста орыс халқының «Ложкари» биін ұсынып, халықтық би номинациясы бойынша құрметті бірінші орынды жеңіп алды. Валерия Кочкина қазақтың «Аққу» биін көрсетті және жеке би номинациясы бойынша 1-дәрежелі лауреат атанды.