Бүгін тағы бір композитор, жерлесіміз Ғұсман Наурызбаевтің туған күні.
15.08.2020
1055
0
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
Сұлулықтың, нәзік сезімдердің тілі өнер. Ол асқақ болып жаралғанымен, әрине жанбай жатып өшетіні тағыда бар!
Обаған ауылының перзенті, Қарасу ауданында қызмет істеген белгілі өнерпаз, сазгер, әнші Ғұсман Наурызабаветың есімін қостанайлықтар жақсы біледі. Ол халық арасына кеңінен тарап үлгерген «Аққуым менің», «Туған жер», «Обаған таңы» және басқа да әсем әндерді жазған табиғи талант иесі.
Ғұсман ағамыз тірі болса биыл тамыз айының 15 жұлдызында 60 жасқа толар еді. Жалған дүниеден 33 жасында қыршын кеткен танымал жерлесіміз, сазгер ағамыздың артында біраз ән мұрасы, халық игілігіне жаралықтай рухани байлық қалды. Ән мен әнші бұл екеуінің де өз биігі бар, құстың қос қанатындай сол биігінде тең болуы шарт! Сонда ол қарыштап қалықтайды. Әуелеген ән тыңдарманына жетеді , жүректерді әлдилейді! Осы қасиеттерді бойына жиып, өнерді азық, өлеңді ән қылған жерлесіміз, өнер майталманы Ғұсман ағамыз десек артық айтқанымыз емес! Әнші, сазгер, ақын Ғұсман Наурызбаев көптің ішінен дараланып тұратын дарын иесі, күмбірлеген қара домбырасымен майда қоңыр дауысын ұштастыра білген өнерпаз.
«Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй» - деп, қазақтың Ұлы ақыны Абай айтқандай, ән сүйер өнерлі жастар - Ғұсманның өлендерін тыңдап, ыждаһаттық сезіммен айта жүрсе, ән әлемі бай болар еді! Ел жүрегін елжіреткен Ғұсман Наурызбаевтың әндері тыңдаушылардың есінде мәңгі сақталып ұрпақтан-ұрпаққа тарай береді деп сенеміз.