Жалғанда әр нәрсенің жазылып қойған ғұмыры бар деседі. Өмірге келеді өседі, өнеді, дамиды. Бір шағында шарықтау шегіне жетеді. Сел болып сейіліп кетуіде жаратылыстың заңдылығы. Тек бұл қағидатқа өнердің тылсымы ғана бағым. Өйткені сұлулықтың, нәзік сезімдердің тілі өнер. Ол асқақ болу үшін жаралған, әрине жанбай жатып өшетіні тағыда бар! Ән мен әнші бұл екеуінің де өз биігі бар, құстың қос қанатындай сол биігінде тең болуы шарт! Сонда ол қарыштап қалықтайды. Әуелеген ән тыңдарманына жетеді , жүректерді әлдилейді! Осы қасиеттерді бойына жиып, өнерді азық, өлеңді ән қылған жерлесіміз, өнер майталманы Ғұсман ағамыз десек артық айтқанымыз емес! Әнші, сазгер, ақын Ғұсман Наурызбаев көптің ішінен дараланып тұратын дарын иесі, күмбірлеген қара домбырасымен майда қоңыр дауысын ұштастыра білген өнерпаз.