Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Шалғышы ауылының Мәдениет үйінде тәуелсіздік күніне арнап мерекелік концерт өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп халықтың ыстық ықыласына ие болды. Тәуелсіздігіміз Қазақ елінің түкпір-түкпірінде аталып өтуі тиіс. Тәуелсіздігіміздің арқасында осы күнге жеттік. Болашақ - жастардың қолында.