Қарасу ауданы «Достық» АМҮ оқушылар арасындағы Жайдарманның финалдық ойыны өтті. «Қай жерде дүние есігін ашсаң сол елде еңбек ет!» ұранымен өткен финалда үш команда өнер көрсетті. Ленин ауылынан келген «Marvel» командасы, Қарасу ауылының «Люди в черном» командасы және Восток ауылдық округінің «Спектор» командасы өнер көрсетті. Жайдарманшылардың қалжындары әдеттегідей, қоғам мен саясаттағы түйіткілді мәселелерге, елдегі жалпы ахуалдар мен егеменді елдің жетістіктеріне толы болды. Туған ауылдарының проблемалары мен оның жастардың арманындағы болашақ кейпі, өз елінде төрге шыға алмай жатқан айтыс өнері тілге тиек етілді. Сонымен бірге жастар, бірлігі жарасқан көпұлтты Қазақстанда тұратынын мақтан ететінін, қазақ халқының салт- дәстүрлері мен жастар арасында мемлекеттік тілді дамытуға қосып жатқан үлесі зор Жайдарман ойындарын дамытуға ниетті екендіктерін білдірді. Жайдарман ойынының мақсаты – жастардың дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмірде өз орнын таба білуге баулу. Қатысушы командалардың әзілдері әртүрлі өзекті тақырыптарды қозғады. Ойыншылар оқу процесі кезіндегі қызықты оқиғаларды, қыз бен жігіттің сөйлесуі, әлеуметтік желі, махаббат тақырыптарын әзілге салып, көрермендерге күлкі сыйлады.
Финалдық ойынның қорытындысы бойынша, қазылар алқасы жеңімпаз командаларды анықтады. Сонымен, I орынды «Marvek» командасы жеңіп алса, II орынды «Люди в черном» командасы иеленді, ал III орын «Спектор» құрамасына бұйырды.