«Кұлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй –
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» дейтін ұлылар шығармаларына құштар мектеп оқушылары арасындағы «Әнді сүйсең менше сүй» атты аудандық ән байқауы өз мәресіне келіп жетті. Байқау үш кезеңнен құралды алғашқы кезең іріктеме сайысы әр қатысушы өз таңдауына қарай бір ән орындауы керек. Екінші кезең жартылай финал. Бұл кезеңге 25 қатысушы өтті, әр қатысушы өзге тілде ән орындауы керек. Үшінші кезең финал «Достық» аудандық мәдениет үйінің сахнасында өтті. Соңғы шешуші кезеңге 15 қатысушы жолдама алды. Әр қатысушы патриоттық тақырыпта бір шығарма және өз таңдауы бойынша бір шығарма орындауы керек. Бұл ақтық кезеңде топ алдына шығып, қола жүлдені қанағат еткен Қарасу ауылы негізгі тілде оқыту мектебінің түлегі Зейнел Гаухар иеленді. Күміс жүлде иегері Шолақашы ауылы мектебінің оқушысы Бекенова Айым иеленді. Бірінші орынды тақымына басқан Ворона Виктория Қарасу ауылы шаруашылық колледжінің түлегі мен Восток орта мектебінің «Достар» вокалдық тобы тақымдады. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарымен марапатталды. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтары сыйланды. Бұл іс-шара жас талант иелерін табу, жастарды әнді сүюге, ән құдіретін сезінуге баулу. Жастар бойындағы патриоттық сезімін ояту және туған жерін Отанын қастерлеуге шақыру.