altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
DK nusqasy
1 НАУРЫЗДА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ
08.02.2024
645
0
Рег резерв 4-слайды.pdf
Для публикации в СМИ.docx
Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады. 
Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. 
Іріктеуді Қостанай облыстың кадр комиссиясы жүзеге асырады.
Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады 
Іріктеуге:
Қазақстан Республикасының азаматтары 35 жастан аспаған;
жоғары білімді;
жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі (құжаттарды тапсыру сәтінде) қатыса алады:  
Іріктеу келесі  бағыттар аясында жүзеге асырылатын болады:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ-ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ. 
Кезең 1-31 наурыз аралығында өтеді. Кандидаттар құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz - жоба сайтында тапсыра алады. Сондай-ақ кандидаттар іріктеуден өту тілін таңдап, әр кезеңнің өту күні мен уақытын таңдай алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері. (шетелдік дипломдардың көшірмелеріне заңнамада айқындалған тәртіппен осы құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі);
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған белгіленген нысандағы өңірлік резервке кандидаттың қызметтік тізімі. Құжаттарды тапсыру сәтінде жұмыссыз болып табылатын кандидаттар соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
түрлі түсті фотосурет.
Сонымен қатар, құжаттарды беру уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қағаз жеткізгіште не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде де мүмкін екенін атап өткен жөн. 
Құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада тіркеледі және құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей жүктейді.
Жеке кабинетте барлық құжаттар топтамасын ұсынып тіркелгеннен кейін үміткер өңірді және салалық бағытты таңдайды. 
Бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдауға рұқсат етіледі. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді. 
Үміткерлер өзі тұратын өңірден басқа өңірдің резервіне қабылдану үшін құжаттарды тапсыра алады (яғни кез-келген өңірді таңдай алады, бірақ өзгерте алмайды).
Құжаттар ұсынылғаннан кейін үміткерлерге оларды верификациялау туралы хабарлама келеді. Әрі қарай, кандидаттарға жеке кабинетте тестілеу күні мен уақытын таңдау ұсынылады
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ - ЗАҢНАМАНЫ БІЛУГЕ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУҒА ТЕСТІЛЕУ.
Тестілеу Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдарының тестілеу залдарында офлайн форматта екі блокта өтеді. Қостанай облысында тестілеуді Қостанай қаласы, Аль-Фараби даңғылы, 43  және Арқалық  қаласы Абай көшесі, 29, 310 каб (әкімдіктің ғимараты).  
Бірінші блок. «Заңнаманы білуге арналған тестілеу»:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ); 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін  білуге арналған тестілерді қамтиды.
Тест тапсыруға кандидаттарға - 55 минут беріледі. 
Екінші кезеңнің бірінші блогы 5-9 сәуір аралығында өтеді.
Екінші блогы «Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге» заңнаманы білуге арналған тестілеуді ең жоғары баллмен тапсырған кандидаттардың 50% - ы өтеді, бірақ 120 кандидаттан аспайды.
Тестілеу стресске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны хабардар ету, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл және кандидаттың өзге де қасиеттерін анықтауға арналған тапсырмаларды қамтиды.
Тестілеудің жалпы уақыты-90 минут. Екінші кезеңнің екінші блогы 13 және 14 сәуірде өтеді. 
Тестілеуді сәтті тапсырған кандидаттардың тізімі интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада кандидаттарды келесі кезеңге жіберу туралы шешім қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ – «ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ» Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді (алдын ала 22 сәуір – 7 маусым).
Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, барлық түрдегі байланыс қызметтерін пайдалану және басқалар) қатысушылар өз қаражаты есебінен жүргізеді. 
Бұл кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді анықтауға әрі бағалауға бағытталған топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды. 
Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер қалыптастырылады, олар кандидаттың жеке кабинетінде орналастырылатын болады. 
Құзыреттілікті бағалау (ассессмент - орталық) рәсімінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады.
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ – «КОМИССИЯДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰХБАТ» кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізіледі.
Сұхбатқа 23 артық емес кандидат (өңірге байланысты) жіберіледі. 
Презентация 5 слайдтан тұруы керек. 
Презентация барысында кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашуы қажет.
Презентацияны қорғау 5 минуттан аспайды.
Комиссия кандидаттарды келесі критерийлерге сәйкес бағалайды:
аналитика;
білімнің тереңдігі;
қарым-қатынас дағдылары.
Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде өңірлік резервке қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
БЕСІНШІ КЕЗЕҢ – «КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА»резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.
Қостанай облысының өңірлік кадр резервіне алынған адамдардың тізімі комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада жарияланатын болады.
Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылатын болады.
Қостанай облысының өңірлік кадр резервінде болу мерзімі - 2 жыл.
 
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
15.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 15 мамыр күні
15.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 15 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық колледж студенттері үшін «Есірткі-зұлымдық, біз олармен күресуіміз керек!» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті
14.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Аналар күні аталып өтілді
13.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 13 мамырында Денисов аудандық Мәдениет үйінде Аналар күніне арналған «Мен-Анамын, ұрпағын әлдилеген» атты аудандық аналар байқауы өтті
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 13 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС ұжымы Медина Наженоваға арналған қайырымдылық концертін өткізді. (диагнозы: ауыр дәрежелі спастикалық диплегия).
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Байқауға "Мирас" би ансамблі қатысты. Жетекші Екатерина Юрьевна Черкасованы және ұжым қатысушыларын I орынмен құттықтаймыз! Шығармашылық жеңістер тілейміз!
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті
12.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 12 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өткізді
11.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 11 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» атты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты 5-ші апта аясында
11.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 2024 жылғы 12 мамырда сағат 17:00-де "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Барлығын мерекелік концертке күтеміз
10.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Аналар күні
10.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Мейірбике күні
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Жеңіс күніне арналған Концерт
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 9 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы Жеңіс күніне арналған мерекелік концертін өткізді
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 09 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы Жеңіс күніне арналған еске алу митингін өткізді. Бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагерлері құттықталып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
09.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 9 мамыр күні Денисовка ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына арналған "Бейбіт күн жасасын әлем" мерекелік бағдарламасы өтті
09.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Басты мереке.
09.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылды
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
2024 жылдың 15 мамыр күні
Автор: Денисов дом культуры
15.05.2024
Ary qaraı
Аналар күні аталып өтілді
Автор: Әулиекөл дом культуры
14.05.2024
Ary qaraı
Аналар күні
Автор: Б. Майлин дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Мейірбике күні
Автор: Қостанай қ. дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Жеңіс күніне арналған Концерт
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Басты мереке.
Автор: Б. Майлин дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Заңды мекенжайы:
Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 119
 
Телефоны:
8 (7142) 26-72-28
 
Электронды мекенжай:
miras2020@mail.kz
miras_dkost@mail.kz
 
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý