
29 тамызда «Жастар» АМҮ-нде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституция Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара Фёдоров ауданы әкімі Т.Қ. Исабаев, Қазақстан Республикасының қоғамдық және саяси қайраткері Е.И. Аман, сондай-ақ «Зуевка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры және Фёдоров ауданының әкімі 2003 жылдан 2008 жылға дейін А.И. Бородин қатысуымен өтті. Бұл мереке алдында адал еңбегі үшін Фёдоров ауданы әкімінің грамоталарымен Гузь Р.Г., Байменов Р.Ж., Чёрная Т.А. марапатталды, «Күміс алқа» Шуршит Сураган алтын алқамен, «Фёдоров ауданының Құрметті азаматы» атағы Е.И. Аманға берілді.
Көрермендер мен қонақтарды «Жастар» АМҮ-нің көркемөнерпаздар әртістері «Свитанок» халық хоры , Е. Запорожану, Д. Мырзахметов, Ф. Жоламанова, «Гармония» вокалдық тобы және т.б. құттықтады.




