29 маусымда «Атлет» стадионында «Тың-Целина-2019» ХХXIII аудандық спартакиаданың ашылуы өтті. Фёдоров ауданының ауылдық округтері өкілдерінің салтанатты шеруі өтті, шеруді округ әкімдері басқарды. Биылғы жылы спартакиада алауын жағу және өту құқығы жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткері А. Марченко және жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы В. Волковаға берілді. Фёдоров ауданың әкімі Т.Қ. Исабаев армрестлингтен спорт шеберінің үміткері куәлігі А.Н. Банашко және О.О. Сысолятинға, гір спорты бойынша спорт шеберінің үміткері куәлігі А.А. Зиновқа табыс етті. Салтанатты бөлімнен және көркем өнерпаздар ұжымының өнер көрсетуінен кейін спорттық жарыстар басталды.
Федоров ауданы әкімдігінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Заңды мекенжайы:
Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Гоголь көш., 15 үй
Телефоны:
8 (71442) 7-90-04
8 (71442) 7-90-39
8 (71442) 7-90-15
8 (71442) 2-14-77