ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМ! Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы халық сазгері Үкілі Ыбырайдың 160 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған «Арқа әуендері» аймақтық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздарын құттықтайды! Байқау қатысушыларына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Дендеріне саулық, отбасыларына бақыт пен береке тілейміз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!