2019 жылдың 29 сәуір күні «Әлем» Мәдениет үйінде жастар жылы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағадарламасының аясында «Шаттық» жобасының «Қозғалыс бұл өмір» атты аймақтық іріктеу кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты хореографиялық көркемөнер шығармашылығын қолдау және дамыту, шығармашылық әлеуетті іске асыру, үздік шығармашылық хореографиялық ұжымдарды анықтау.
Аймақтық іріктеу кезеңінде Приреченка ауылының би ұжымы, Денисов балалар шығармашылығы үйінің «Изюминка» орта және аға би ұжымы, Фрунзе ауылының «Ника» музыкалық студиясының орта би ұжымы, аудандық Мәдениет үйінің «Фаворит» кіші және аға би ұжымы, Аршалы ауылының «Искорка» би ұжымы, көршілес Таран ауданының «Экзерсис» би ұжымы, Перелески ауылының Балдәурен бала бақшасының би ұжымы қатысты.
Қатысушылар жақсы өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық ұжымдар екінші кезеңге өтті. Одан әрі конкурстың үш кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланады.