«Әлем» аудандық Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Бай дәстүрлерді жалғастырушылар» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы «Менде сен секілдімін» атты фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты - мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін көтеру және оларға қоғам өмірінің барлық салаларына қатысудың басқа азаматтармен тең мүмкіндіктеріне қол жеткізуге көмектесу. Фестивальде көрермендерге дарындылықтарымен таңқалдырған, ән, өлең, би орындап өз шығармашылығын сыйлаған: Иржанова Светлана, Жаксыбаева Динара, Мокроусова Оксана, Бобрик Антон, Пакунов Никита, Ротман Ярослав, Жибер Ольга, Кроо Владимир, Копылова Карина, Баталова Юлия, Темирбаев Сергей, Дробышева Дана, Паршикова Виктория, Кравцов Олег, Касымова Сауле, Ломова Галина. Залда мейірімділік, шабыт және жылы қолдау атмосферасы орнады.
