20 маусым күні Әулиекөл ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді.
20.06.2019
2212
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні
20 маусым күні Әулиекөл ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді. Іс шараны аудан әкімі Кисиков Асхат Ғалымұлының сөзімен бастап , марапаттау рәсімімен жалғасты. Ауданымыздың қарқынды дамуы мемлекет қызметшілерінің мамандылықтарына, тәжірибелеріне, ұмтылыстар мен жiгерліктеріне тікелей байланысты. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсарту жауапкершілігі мемлекеттік қызметшілерге артылады.Аудан әкімінің грамотасымен,ауданымызға сүбелі үлес қосып, білімін ел болашағына арнап келе жатқан мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Кеш аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының әуезді концерттік бағдарламасымен жалғасты.