«Аталар берген баталар» атты қалалық онлайн байқауы.
«Аталар берген баталар» атты қалалық
онлайн байқауы мәресіне жетті.
Арқалық қалалық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту, кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бата беру арқылы халықты, жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында қалалық бата беруші ардагерлер арасында «Аталар берген баталар» атты қалалық онлайн байқауы өткізілді. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 60 пен 81 жас аралығындағы ақсақалдар қатысты. Бата беру байқауы
: 2 кезеңнен тұрды. I «Сәлем сөздің анасы» (ұлттық киімде өзін таныстыру) кезеңі II «Ақ бата –асыл мұра» (еркін тақырыпта дайындаған батасын беру) кезеңі бойынша бақтарын сынап көрді. Байқауға Арқалық қаласына қарасты Жаңақала, Қайыңды, Родина, Аққошқар, Көктау, Ашутасты, Молодежный, Жалғызтал, Фурманов, Аңғар ауылдарынан 11 үміткер қатынасты. Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі: І –ОРЫН – Мұқатин Темірбай (Фурманов ауылы) ІІ –ОРЫН – Қаракөбен Аязби (Арқалық қаласы) ІІІ –ОРЫН – Шөптібай Байдилдин (Родина ауылы) ІІІ –ОРЫН – Мейрамбек Молдахметов (Қайыңды ауылы) Ал, қалған ақсақалдарымыз «Мейірімді қария» номинациясы – Тыныштық Әбжамалұлы (Жаңақала ауылы) «Өнерлі қария» номинациясы – Қадыр Нұрсұлтан (Аққошқар ауылы) «Қазыналы қария» номинациясы – Жұмабай Құрманұлы (Аңғар ауылы) «Зерделі қария» номинациясы – Баймұрат Жүсіпов (Көктау ауылы) «Батагөй қария» номинациясы – Жетпіс Уашов (Молодежный ауылы) «Заманауи қария» номинациясы – Мұқан Жартыбаев (Ашутасты ауылы) «Көрермен көзайымы» номинациясы – Госман Омашұлы (Жалғызтал ауылы) Байқауға қатынасқан ардагерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Айбол Оңдаған
Ауыл мәдениет үйлері мен
клубтарының меңгерушісі