
Арқалық қаласына қарасты Молодежный ауылының әкімшілігінің ұйымдастыруыменен «Ең әсем аула-2020» атты үздік аула байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты ауылдың тазалығы үшін және әр үй өз ауласын таза ұстау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырушылар тағайындаған комиссия мүшелері әр үйдің аулаларын аралап, өз бағаларын беріп, шешімдерін шығарып, ауыл тұрғындары арасынан үздік аулаларды анықтады. Байқау қортындысы бойынша 1 орынды Дидух Марина Насретдинова отбасы, 2 орынды Какенов Темірхан Тілеубергеновтар отбасы, 3 орынды Молдавский Николай Яковлевичтер отбасы жеңіп алды. Ал ынталандыру сыйлығын Турдахунова Бақытжамал Нигиматовна иеленді. Жеңімпаздарға ауыл әкімі Айбек Исабеков «Ең әсем аула-2020» тақтасы мен ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Байқаудың өтуіне демеушілік жасаған «Нұржайлау» ЖШС алғыстарын білдірді.


