1992 жылдың маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады. Бұл күні барлық қалалар мен аудандар мерекелік концерттер ұйымдастырады. Осындай концертті аудандық мәдениет үйі Алтынсарин ауданының көркемөнерпаздар әртістерінің қатысуымен өткізді. Сахнадан бейбітшілік, достық және біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасы туралы әндер шырқалды.