altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
«Алтын дән» мәдениет үйінің Қазақ этно-мәдениеті бірлестігінің жетекшісі, дәстүрлі әнші Айнұр Сейтова: «Мәдениет қызметкері – айналасын думанға бөлей білетін, жан дүниесі бай, өнерге берілген адам болу керек деп ойлаймын...»
28.05.2020
1499
0
 
Өзіңізді таныстырып өтсеңіз туған жеріңіз,  қай жерде білім алдыңыз?
 
Мен Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауылының тумасымын. Мектеп табалдырығын, яғни бастауыш сыныптарды осы жерден бастап, жоғарғы 11 сыныпты бұрынғы Амантоғай ауданы Жалдама орта мектебінен аяқтадым. Рудный музыкалық колледжінде қобыз мамандығында оқып, кейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын бітірдім. Қазіргі таңда Қостанай ауданы «Алтын дән» МҮ қызмет жасап жатырмын.

 
Дәстүрлі әнге деген қызығушылығыңыз қалай басталды, домбырамен ән орындап, ең алғаш сахнаға шыққан сәтіңізді айтып берсеңіз?
 
Мен Амангелді ауданында Байғабыл орта мектебінде 1 сыныпта оқып жүргенде домбырамен «Қошақаным» әнін алғаш мектептік іс-шараларда орындадым, одан кейін балалар домбырашылар ансамблімен «Әй-әй бөпем», «Көкеме хат» деген әндерді айтқаным есімде. Сол жылдардан бастап, кішкентай балалардың домбырашылар ансамбліне қатысып, мектеп сахнасында өнер көрсете бастадым. Мен 4 сыныпқа келгенде Амангелді ауданы, Қайнар ауылына ата-анам қоныс аударып, мен сол мектептің домбырашылар ансамбліне қатысып, домбырамен халық әндерін орындадым. Аудандық «Әнші балапан» байқауына қатысып жүлделі орындар алып жүрдім. 8 сыныпта оқып жүргенде аудандық термешілер байқауына қатысып 2 ші орынға ие болдым. Сол оқушы кезімде халық әндері: «Бүлдірген», «Қара көзім», «Сары жез құмған-ай», «Қоғалы-ай», «Қайран жастық» репертуарымда болды. Мектеп бітіргенше аудандық мәдениет үйінің мерекелік іс-шараларына белсене қатысып жүрдім. 

 
Бала кезіңізде  еліктеп, үлгі тұтқан әншіңіз кім?
 
Біздің бала кезіміздегі жарық жұлдыз әншілер Мақпал Жүнісова, Сара Тыныштықұлова, Роза Рымбаева апаларымыз болды ғой. Сол кісілерге қарап, әндерін тыңдап өстім. Мақпал апамыздың «Дариға домбырамды берші маған» әнін бәрі айтқан шығар деп ойлаймын, сол кезде менде осы әнді айтқан едім. 

 
Сіз гитараның сүйемелдеуімен де әнді жақсы орындайсыз, осы өнеріңізбен сахнаға шықтыңыз ба?

Гитараны 5-6 сыныпта жүргенде үйренген болатынмын. Гитарамен әнді студенттік кезімде көп айтатын едім. Рудныйда оқып жүргенде марқұм Қайрат Нұрғазин ағамызбен Рудный мәдениет үйінің  концерттеріне қатысып домбырамен де, гитараменде айтып жүрдім. Гитарамен қазір көп айтпаймын, облыстық Мұқағали Мақатаевтың оқуларында «Сәби болғым келеді» әнін айттым. Қазір тек домбырамен дәстүрлі әндер мен термелерді орындап жүрмін. 

 
Өнер жолында қандай республикалық  байқау, фестивальдерге қатыстыңыз?
 
Өнер жолында облыстық термешілер және қазақ әндерінің байқауларына қатыстым. 2003 жылы облыстық «Қазына» термешілер байқауында 3-ші орынға ие болдым. Қазақ әндерінің байқауында көрермендер көзайымы жүлдесін иелендім. 2017-2018 жылдары «Мен қазақпын» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің Республикалық телевизиялық мега жобасының финалисі болдым. 2019 жылы Нұрсұлтан қаласында өткен «Мәдениет және өнер» қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Рухани қазына - 2019» республикалық фестиваліне қатысып, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Алғыс хатына ие болдым. Осы фестиваль аясында өткен «Мәдениет саласындағы ұйымдастыру мен басқару қызметі» тақырыбындағы семинарға қатысып, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Мұсаходжаеваның сертификатына алдым. Осы жылы «Рухани қазына» мәдениет қызметкерлері мен ұйымдарының облыстық байқауында «Үздік аудандық мәдени қызметкері» номинациясын жеңіп, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтың Дипломын иелендім. 
 
 
«Алтын дән» мәдениет үйінде біраз жылдан бері қызмет жасап келесіз, өзіңіз жетекшілік  ететін вокалдық  топтардың жетістіктеріне тоқталып өтсеңіз?
 
Қостанай ауданы «Алтын дән» мәдениет үйінде қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің домбырашысымын, сонымен қатар «Ақ бидай» әжелер ансамблінің, «Шалқыма» қазақ әндерінің, «Айгөлек», «Болашақ», «Мерей» балалар вокалдық топтарының жетекшісімін. Осы топтарым барлық аудандық, облыстық мерекелік іс-шараларға атсалысып келеді. «Ақ бидай» әжелер ансамблі облыстық Қазақстан-Қостанай арнасының қонақтары болып жүр және «Шалқыма» қазақ әндерінің ансамблі де осы жергілікті телеарнамыздың мерекелік бағдарламаларында өнер көрсетіп, мерекелік іс-шараларға атсалысып жүр.  

 
Онлайн режимінде  мәдени іс-шаралар өткізудің қандай тиімді тұстары бар деп ойлайсыз?  

Онлайн жүйесіндегі мәдени-іс шаралар өте қызықты  әрі пайдалы болып жатыр деп ойлаймын. Бұрын шығармашылық ұжым ауданымызға ғана танымал болса, қазір әлеуметтік жүйе арқылы барлық желіде көре алатын болды. Менің ойымша бұл тиімді әрі қызықты болып жатыр деп ойлаймын. 

 
Дәстүрлі ән орындайтын оқушыларды сирек көретін болдық, себебі неде деп ойлайсыз?

Ия, қазіргі кезде заман ағымына сай жастар эстрадалық және шетел әндерін көп тыңдап, соған  еліктеуде. Соның салдарынан дәстүрлі ән және домбыраны қолға ала бермейді. Сондықтан да менің ойым мектепте музыка пәні сабағына осы дәстүрлі әндерді дәріптеу тақырыптары көбірек енгізілсе, болашақта дәстүрге бет бұрған өнерлі жастар шығады деп ойлаймын.

 
Облыс көлемінде  дәстүрлі ән бойынша өткізілген шеберлік сағаттарына үнемі қатысып келесіз,  сізге қандай көмегі болды?

Соңғы кезде облыстық  халық шығармашылығы ұжымы шеберлік сағаттарын ұйымдастыруда. Соның ішінде дәстүрлі өнерге көбірек көңіл бөлініп келеді. Бізге шеберлік сағаттары өте қажет, осындай шеберлік сағаттарының ұйымдастырылғанына қуаныштымыз. Өнер адамы үшін тәжірибе артық болмайды, біздің білмегенімізде болуы мүмкін, неге десеңіз сөздің шыны керек дәстүрлі әнді тереңірек оқығаным жоқ, сондықтан да шеберлік сағаттары өте қажет. Біз, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты «Құрмет» орденінің иегері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының профессоры Алмас Алматовтай өнер майталмандарының шеберлік сағатына қатысып, тәжірибе алдық. Сол үшін облыстық шығармашылық ұжымының басшысы Д.Елтайұлына және осы ұжымға үлкен алғысымды айтқым келеді. 

 
Мәдениет қызметкері болудың өзіндік қиындықтары бар екені белгілі, өзіңіз осы салада тәжірибелі мамансыз, кейінгі жас мамандарға қандай кеңес айтар едіңіз?  
 
Өнер жолы қиын жол деп жатады, әрине оған келісемін. Мәдени өмірде қызмет жасау үшін, мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген адам болу керек деп ойлаймын. Сонда ғана қашанда халықтың көз алдында елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, нағыз өнер адамы болып шығады. 
 
Мен барлық өнер жолында жүрген әріптестеріме тілерім: өздеріңіздің еңбек сүйгіштіктеріңіздің және ізденістеріңіздің арқасында өңіріміздің мәдениетін жылдан жылға көркейтіп, халқымыздың ықылас- қуанышына бөлене беріңіздер демекпін! 
                   Қазақтың халық өнері асқақтап, дами берсін!
 
Сұхбат сұрақтарына жауап бергеніңізге үлкен рахмет, өнердің өрінен көріне беріңіз!
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
15.04.2024
Денисов дом культуры
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке қатысты
12.04.2024
Денисов дом культуры
Аудандық мәдениет үйі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында "Таза өлке"акциясын өткізді.
11.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. «Таза өлке» ауласын тазалау жұмыстары.
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ (ЗАЛАЛДЫ) ӨТЕУ ТӘРТІБІ
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
05.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Губенко Алексей Алексеевич – оркестрді құрушы және жетекшісі, кәсіби үрмелі дирижер, әскери дирижер және запастағы майор, республикалық және халықаралық байқаулардың дипломанты. Қостанай облысының мәдениет және өнер қайраткерлері клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, авторлық лицензиясы бар жоғары біліктілік санатындағы музыкант-педагог, Қазақстан Республикасы мәдениетінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» және «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік төсбелгілерінің иегері.
29.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 29 наурыз күні автомобилист спорт кешенінде 2011-2013 жылдары туған Денисов ауданының оқушылары арасында «POLYMETAL» компаниясының жүлделері үшін шағын футболдан турнир ашылды
29.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық театр күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 24 наурыз күні "Автомобилист" спорт кешенінде жаттықтырушылар Б. К. Дибиров пен Б. Г. Игисеновты еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 23 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке шықты
25.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Мирас» мәдение сарайының әртістері мен балалар шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы
24.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 21 наурыз күні Денисов ауылының орталық алаңында «Батыр жылы» атағы үшін 4,5,6 тур «БАТЫР ШОУ» байқауы өтті
24.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 20 наурыз күні аудандық мәдениет Үйінің көрермендер залында "БАТЫР ШОУ" байқауы 1,2,3 тур өтті
23.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Золотой фазан» демалыс орталығында «Мирас» мәдениет сарайының әртістерірының концерттік бағдарламасы
22.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 22 наурыз күні облыс әкімдігінің алаңында Наурыз мейрамына орай "Қош келдің, Әз Наурыз"атты театрландырылған бағдарлама өткізілді
22.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Бейімбет Майлин аудан орталығында көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы аталып өтті.
22.03.2024
Әулиекөл дом культуры
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы
21.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 21 наурыз күні, «Мирас» ҚМС 1 филиалының қызметкерлері мен халық шығармашылық ұжымдары «Аэропорт» ША «Керуен» алабында бірлесіп «Наурыз –достық» мерекесі» атты мерекерік концерттік бағдарлама өткізді. Концерттік бағдармаға «Наз» және «Кружева» вокалдық тобы қатысты, жеке әншілер және «Арулар» би тобы қатысты.
21.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 21 наурыз күні Денисов ауылының орталық алаңында «Наурыз тойы мереке, салт-дәстүрім береке» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді
20.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 20 наурыз күні Kostanay plaza" СОО-да "Мирас" ҚМС және медицина қызметкерлері мен бірге Наурыз мейрамына орай мерекелік іс- шара өткізілді
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы
Автор: Әулиекөл дом культуры
22.03.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý