ДК нұсқасы
Установить приложение
Мен 1977 жылы 18 қаңтарда Қостанай облысы, Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келдім. Мектеп қабырғасынан бастап өнерде келемін. Ең бірінші айтқан әнім домбырамен «Қошақаным» әні болатын, содан кішкентай балалардын қазақ ұлт аспаптар ансамблінде ән айта бастадым. Міне, содан бері өнермен бірге келемін. Өмірлік нанымда, жанымда - домбыра! Қазіргі таңда Қостанай ауданы «Алтын дән" МҮ музыкалық жетекші болып қызмет атқарамын.Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз...
Өнер жолы әрине ауыр жол деп жатады, оны түсіне білу керек. Негізі өте қиын болды деп айта алмаймын, себебі менің жұбайымда өнердің ауылынан алыс емес. Жұбайым Сейтов Абай - Рудный қаласының музыкалық колледжінің түлегі. Алайда, қазіргі уақытта басқа салада жұмыс жасауда, ал, өнер жолын ол кісі маған тапсырды десем болады. Сондықтан да, өнер адамын ол жақсы түсінеді. Екеуміз бірге дуэтте айтып жүрдік.Өнер жолы мен отбасылық өмірді қатарынан алып жүру қиындық тудырмайды ма?
Мен өтірік пен жағымпаздықты ұнатпаймын, сондықтан шыншыл, адалдықты қолдаймын.
Өмірдегі басты ұстанымыңыз қандай?
Жоспар көп, оны айта беруге болмайды дейді гой, негізі осы өнер жолында халқымызға, елімізге есте қаларлықтай бір дүние қалдыру өнердегі әр азаматтың арманы деп ойлаймын.
2020 жылға қандай жоспарларыңыз бар?
Осы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанай облысы аудандарының қызметкерлері арасында өткен байқауда «Ең үздік аудан мәдениет қызметкері» атағын иелендім және Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің Алғыс хатын ие болдым. Жалпы 2019 жыл берекелі жыл болды.2019 жыл несімен есте қалды?
Жерлестеріңізге жылы лебізіңіз...
2020 жылы Елімізде тек қана тыныштық болсын деймін және өнеріміз шарықтай берсін дегім келеді.