altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
«100 жаңа есім» бағытының жеңімпазы – Арман Жүдебаев
17.07.2018
1743
0


 

«100 жаңа есім» бағытының жеңімпазы – Арман Жүдебаев



Қазақ өнері өміршең. Бұл сөзге ешкім талас білдіре қоймас. Біз "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының "100 жаңа есім" бағытының жеңімпазы атанған тұлғалар туралы ақпарат беру дәстүрімізді одан әрі жалғастырып келеміз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Рухани қазына» бағыттары аясында өнеріміз де, мәдениетіміз де тың бастамаларды қолға алып, кең көлемде жүзеге асырылуда. Сол бастамалардың іске асуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың бірі – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры, «100 жаңа есім» бағытының жеңімпазы Арман Әділханұлы Жүдебаев. 


Жақында ғана еліміздегі ән өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалған Арман Жүдебаев бұған дейін осы салаға айтарлықтай үлес қосқаны анық. Біздің кейіпкер халыққа Құрманғазы оркестрінің дирижері ретінде танымал. 83 жылдық тарихы, репертуарында 4000-нан астам туындысы, 83 талантты музыканты бар ұжымды басқару Арман Әділханұлына аса үлкен қиындық әкелген жоқ. Өйткені, өзі университет қабырғасында оқып жүріп-ақ студенттік оркестрді басқарған. 

Қазақстандағы ең ірі оркестр Құрманғазы оркестрі екеніне ешкім шек келтірмейді. Арман Жүдебаев оркестрдің танымалдылығын арттыру үшін келесі іс-шаралардың жүзеге асуына мұрындық болды. Оркестрдің арнайы сайты ашылып, онлайн билеттерді сатудың бірізділігі жасалды. Ұжымға динамикалық және таймерлік дыбыстың тұтастығы үшін қажетті құрал-жабдықтар әкелініп, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, ұжымның бет-бейнесі халыққа етене таныс болу үшін теледидар, радио секілді бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болып, өз жобаларын ұсынып отырды. Сондай-ақ, Арман Әділханұлы ұжым репертуарындағы классикалық музыкалардың мәртебесін арттырып, классикалық кештерді өткізуге басымдық берді. 

Арман Жүдебаевтың музыкалық біліміне халық оң бағасын беріп қойған. Ол әуеннен ерекше бір үйлесімділіктерді тауып, адамның көңіл қылын қозғайтын ерекшелікті дөп баса алады. Сонысымен елдің ықыласына бөленді. Бұл  - композиторға ерекше шабыт беретін қошемет. 

Арман Әділханұлының тағы бір ерекшелігі – ұлттық музыкаға, ұлттық нақыштағы әуендерге басымдық беруі. Аспаптық музыка саласының үздігі атанған Құрманғазы оркестрінің ән қорында да дәстүрлі, ұлттық нақыштағы туындылар көп. 

Кейіпкеріміз студенттік оркестрдің жетекшісі бола жүріп, Қытай, Германия, Түркия, Австрия сияқты шет елдердің сахналарында өнер көрсетті. Арман Әділханұлы ел көңілінен шыққан «Оркестрлер айтысы» атты жобасын жасап, сахнаға алып шыққан. 

«Нұр Отан» партиясының мүшесі әлі күнге дейін мемлекет басшысының әрбір бастамасына қолдау көрсетіп келе жатыр. Әсіресе Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық оркестрінің репертуарын заманауи әуендермен толықтырып, концерттер берді. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірін аралап концерт беретін оркестрдің әр жобасы үлкен тойға айналуына да мұрындық болып келген – Арман Жүдебаев. 

2012 жылдан бастап университетте аға оқытушы болып қызмет атқарған Арман Әділханұлы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалғаннан кейін музыка саласының қара шаңырағында да өзгерістер орын алып, ерекше ән жобалары жүзеге аса бастайтынына шүбә келтірмейміз. 

«100 жаңа есім» бағыты осылайша жас таланттардың, еңбекқор азаматтарға шабыт сыйлап, өзге азаматтардың бәсекелестігін тудырады. Ал бәсеке болған жерде жетістік те, даму да болары сөзсіз. 


 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
26.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 26 сәуірде KPI бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес, Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қостанай ауданы Надеждинка ауылына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Туған жер, туған ел. Бір халық - бір ел», концерттік бағдарламамен барды
24.04.2024
Денисов дом культуры
«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» 3 апталығы аясында
22.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 18 сәуір күні мәдениет бөлімі ведомстволық бағынысты мекемелермен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналған "Киелі мекен" тақырыбы бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының екінші аптасында белсенді қатысты.
20.04.2024
Денисов дом культуры
Бүгін 2024 жылдың 20 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері "Киелі мекен" атты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты
20.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» мәдениет сарайының сахнасында «Pro Танцы KZ» халықаралық чемпионаты өтті
18.04.2024
Денисов дом культуры
Бүгін Денисов ауданының мәдениет қызметкерлері Тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыруға арналған «Киелі мекен» тақырыбындағы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші апталығына белсене қатысты.
18.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 18 сәуір күні Денисов жалпы білім беретін мектебінде аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің пробация қызметінің қызметкері Т. Р. Сикировамен бірлесіп оқушыларға арналған "Заң және тәртіп" атты сабақ өткізді
17.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» қалалық мәдениет сарайында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы – Куц Кристина Георгиевнамен кездесу өткізді. Кристина Георгиевна декларациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді және 250.00, 270.00 нысаныңдағы декларацияны ұсыну бойынша практикалық көмек көрсетті.
15.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 15 сәуір күні «Қозы-Көрпеш Баян Сұлу» ғашықтар күнін мерекелеу аясында «Дубай любой ценой» романтикалық фильмінің көрсетілімі өтті
15.04.2024
Денисов дом культуры
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке қатысты
12.04.2024
Денисов дом культуры
Аудандық мәдениет үйі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында "Таза өлке"акциясын өткізді.
11.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. «Таза өлке» ауласын тазалау жұмыстары.
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ (ЗАЛАЛДЫ) ӨТЕУ ТӘРТІБІ
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
05.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Губенко Алексей Алексеевич – оркестрді құрушы және жетекшісі, кәсіби үрмелі дирижер, әскери дирижер және запастағы майор, республикалық және халықаралық байқаулардың дипломанты. Қостанай облысының мәдениет және өнер қайраткерлері клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, авторлық лицензиясы бар жоғары біліктілік санатындағы музыкант-педагог, Қазақстан Республикасы мәдениетінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» және «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік төсбелгілерінің иегері.
29.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 29 наурыз күні автомобилист спорт кешенінде 2011-2013 жылдары туған Денисов ауданының оқушылары арасында «POLYMETAL» компаниясының жүлделері үшін шағын футболдан турнир ашылды
29.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық театр күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 24 наурыз күні "Автомобилист" спорт кешенінде жаттықтырушылар Б. К. Дибиров пен Б. Г. Игисеновты еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 23 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке шықты
25.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Мирас» мәдение сарайының әртістері мен балалар шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý