altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» айдары: Жантөре «Шалқыма» - орындаған Рысбай Ғабдиев
01.06.2021
1273
0


 
Жантөре «Шалқыма»

 
Ертеде, ел Жайық өзенінің күншығыс бетін қыста қоныс етсе, күн батыс бетін жаз жайлауы етіп пайдаланған кездері де болған. Осындай бір жылдары көктем ерте шығып, мыңғыраған төрт түлік малмен, қаптаған қалың ел жылдағы әдетінше Жайықтан өтіп жатады. 
 
Көктемде ауылға жан бітіп, жарқын – жарқын әзіл сөздер айтылып, қыз-келіншектердің сыңғырлаған әдемі күлкісі дала қызығына айналады. Ұлы дүрбелең. Айнала жасыл желек, көк майса шалғын шөп мазаңды алып, делебеңді қоздырады. Біреуді-біреу аңсап іздегендей күй сезімге түсесің. Мұндайды суреттеуге тек ақынның ғана сезімтал жүрегі, күйшінің күмбірлеген күйінің ғана құдыреті жетеді.
Қора, қора, қой жатыр.
Қарын, қарын, май жатыр.
Түйе, түйе, жүк жатыр.
 Аулы, ауыл, ел жатыр.
-десе ақындар, күйшілер небір әдемі күйлерді домбыраның көмейінен төгілткен.
 
Дәл осындай бір жылдары Жантөренің ауылы да көктемде Жайықтан өтіп, келесі жақтағы беткейге қонып жатады. Сол кездегі әдет-салт бойынша елдің игі-жақсылары бас қосып, Жайықтың арғы бетіне елден бұрынырақ шығып қарап тұратын. Жантөре де қасына жиналған төре ауылының игі жақсыларымен бірге арғы бетке өтіп алды. Айналасы тегіс көрінетін, биіктеу жар төбенің басына қалы кілемдер мен текеметтерді төсетті де, өзі төңірекке қырағы көзімен көңілі толып қарап тұрады.
 
Жантөре жастайынан өте зерек, сөзге ұста, әрі шешен, он саусағынан күй төгілген ақынжанды адам еді. Көз алдындағы көктемгі даланың ғажайып осындай көрінісі көңіл күйін тасытса керек. Төре жанында тұрған қаптаулы қарағай домбырасын қолына алып беті-жүзі алабұртып, бір керемет сазды әуенді құйқылжыта төгілтті дейді. Бұрын соңды мұндай сазды естімеген ағайындары, қасындағы ел жақсылары, домбыраның үніне елтіп, берілген күйі тым-тырыс отыр. 
 
Бір кезде Төре күйін бітіріп, домбыраны қасында жатқан көпшілікке сүйей салды. Басын көтеріп жан-жағына жалт қарады. Айнала үнсіз. Қапелімде не болып қалғанын, алғашқы сәтте төренің өзі де түсінбей қалды. «Бұлары несі» деп ойлады сезіктеніп. Бір кезде көптің ішінен бір ағайыны: «Төре, жаңағы күйіңіз бұрын соңды біз естімеген, керемет саз болды» дегенде ғана мән-жайды енді түсінген Жантөре: « Е, е, е! Ол мынау төгіліп Жайықтан өтіп жатқан еліме қарап, көңілімнің шалқып кеткені ғой!» деген екен.
 
Сөйтіп, «Шалқыма» күйі Жантөренің кеудесінен қарлығаштың балапанындай ұшып шығып, қазақтың кең даласын аралап кеткен дейді, айтушылар. 
(Күйдін шығу тарихын жазып алған Тмат Мерғалиев.)
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Қала орталығынан Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Мирас» мемлекеттік мәдениет үйіне көшірілді. Баршаңызды 18:00-де мерекелік концертте күтеміз
07.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрінің орындауында қазіргі заманғы әндер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды
06.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.
04.05.2024
Амангелді дом культуры
СЫР - СҰХБАТ
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
02.05.2024
Амангелді дом культуры
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 01 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама корсетті
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық Мәдениет сарайының 1-ші филиалы Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өткізді
01.05.2024
Амангелді дом культуры
1 Мамыр-Қазақстан Халқының Бірлігі күні мерекесіне орайластырылған "Татулықтың туын тік" атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды
01.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік концерт болып өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама мен түрлі тілдегі әндерінің аудандық фестивалі өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 02 мамыр күні Денисовка ауылының №8 Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін Денисов Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы отан қорғаушылар күнін мерекелеу аясында мерекелік бағдарлама өткізді!
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" МДК ұжымы "Достық" әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламамен Дружба ЖББМ-дегі Дружба тұрғын алабына барды. Концерттік бағдарламаға көрермендерге ұнайтын әртістер: Нұржан Жақсан, Дәулет Ақтанов, Еран Сапаров, домбырашы Мұрат Тілеуғабылов қатысты
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 30 сәуірде "Мирас" мәдениет үйінің әртістері: Дәулет Ақтанов, Ерлан Сапаров "Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекемесі" РММ-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
30.04.2024
Б. Майлин дом культуры
Халық бірлігінің шуақты күні.
30.04.2024
Амангелді дом культуры
«Тал егу – игі іс» экологиялық акциясы жалғасуда
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қала орталығында өтетін концерттің тоқтатылуына байланысты, 2024 жылғы 01 мамырда сағат 18:00-де "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Баршаңызды концертке күтеміз!
27.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 27 сәуір күні Аршалы ауылында аудандық мәдениет үйі Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған,  Қостанай облысының әкімімен бекітілген KPI бағдарламасын және Денисов ауданының шекаралас ауылдық округтері мен ауылдарында кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде  мерекелік бағдарламасын өткізді
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
СЫР - СҰХБАТ
Автор: Амангелді дом культуры
04.05.2024
Ary qaraı
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
Автор: Амангелді дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
Халық бірлігінің шуақты күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
30.04.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý