altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
Нұрғиса ДӘУЕШОВ: ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2020 ЖЫЛЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
16.01.2021
1012
0
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақылары 50% және 35%-ға көтеріліп, 36,4 мың адамды қамтыды.
 
Балет артистеріне еңбекақысының 60%-ын құрайтын ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдер тағайындалды.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы 240-тан 660 айлық есептік көрсеткішке өсті. 2020 жылы 75 мәдениет және өнер қайраткерлері, оның ішінде 6 жас маман Мемлекеттік стипендияның лауреаттары атанды.
Мемлекет басшысымен 7 белгілі қайраткерлерге Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалды.
2020 жылдың 21 қаңтар күні «Астана Опера» театрында ұлы Абай Құнанбайұлының мерейтойының ресми салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Үкімет Қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланды.
Елімізде және шетелде 20 мыңнан астам іс-шаралар өтті.
Ұлы ақынға елімізде 8 ескерткіш пен 2 бюст орнатылып, шетелде 14 Абай мәдени орталығы ашылды. Дана ойшылымыздың еңбектері 10 шет тіліне аударылып, басылып шықты. Абай атымен Семей қаласының әуежайы, 14 көше мен даңғылдар, 6 білім беру мекемелері аталды, Нұр-Сұлтан қаласында Абай Академиясы ашылды, «Абай» телеарнасы іске қосылды.
Абай шығармалары 8 тілге аударылып толық жинағы басылып шықты. Сонымен қатар, ақын шығармаларының 10 томдығы, 10 томдық «Абайтану», 3 томдық «Абай шығармаларының академиялық толық жинағы», «Абай және қазақ социумы» 4 томы, «Абайдың ғұмырнамасы» 2 томы, «Абай және Алаш сабақтастығы: тарихи-философиялық әдеби-лингвистикалық аспект», «Кешегі өткен би Құнанбай...» және т.б.
Жидебай ауылындағы Абай қыстағында, «Ұлжан-Зере» кесенесінде, Ахмет Риза мешіті мен медресесінде, Бөрілі ауылында орналасқан М. Әуезов музей-үйінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Абай музей-қорығында музейлендіру жұмыстары жасалынды. Мемлекет басшысының қатысуымен Семей қаласында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.
Мәдениет пен өнер ұйымдары ұжымдарын қолдау мақсатында «Рухани қазына – 2020» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар 50 номинация арқылы анықталды. Әр номинациядағы үздік ұжымға 1 000 000 теңгеге сертификаттар, ал үздік қызметкерлерге 500 000 теңгеден берілді.
Пандемия басталмас бұрын мемлекеттік мәдениет мекемелерімен 500-ден аса іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 7 жаңа қойылымдардың премьералары (балет «Бетховен. Бессмертие и любовь», «Гомер», Дон Паскуале).
Ал пандемия кезеңінде 120 млн-нан астам қаралым жинаған 70 мың онлайн іс-шаралар ұйымдастырылды. Қоғам мен мемлекет басшылығы тарапынан ерекше аталып өткен шара - «Карантиндегі жұлдыз» жобасы болды.
«Дон Паскуале», «Корсар», «Дневник Анны Франк», «Аида-Сюита», «Сұлтан Бейбарыс», «Желтораңғы туралы аңыз», «Лонгинг, Инстинкт, Триумф», «Серенада» және т.б. қойылымдардың премьералары өтті.
Әнші Данелия Тулешова танымал америкалық шоу «America Got Talent» лауреаты атанды, Қарақат Башанова «Детское Евровидение – 2020» халықаралық байқауында ІІ орын иеленді, ди-джей Иманбек Зейкенов «Грэмми» премиясына ұсынылды, Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі Париждағы L'Étrange Festival фестивалінде бас сыйлықты жеңіп алды, Nomad Stants халықаралық каскадерлік тобы АҚШ Әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» премиясына ие болды.
Әншілер, артисттер мен спортшылардың қатысуымен #Biz birgemiz, #Birge enseremiz, #Biz uidemiz хэштегімен мотивациялық роликтер жасалынды.
Мәдениет және өнер қайраткерлері ЮНЕСКО білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша БҰҰ халықаралық мәдениет марафонына қатысты.
«Менің Қазақстаным», #COVIDHOMECONCERTS, «Қандай кітап оқисың?», «Біз үйдеміз, біз біргеміз» халықаралық музыкалық челлендждер ұйымдастырылды.
«Астана Балет» театрында алғаш рет спектакльдерді 360 градус форматында тамашалауға мүмкіндік беретін ab-media театрлық стриминг сервисі іске қосылды.
«Қазақфильм» киностудиясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушыларының қатысуымен халықтың отансүйгіштік сезімі мен күш-жігерін нығайтуға бағытталған 40-тан астам бейнероликтер түсірді.
200-ден аса ұлттық фильмдер «Қазақфильм» қорынан телеарналарға көрсетілуге берілді.
Онлайн форматта «Бала дауысы» байқауы, республикалық ақындар айтысы, «Абайдан аманат» әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалі, Н.Тілендиев және Е. Рахмадиев атындағы фестивальдер, Ұлттық домбыра күні, «Сәлем, Елорда!» І республикалық фестивалі және т.б. ұйымдастырылды.
Пандемия кезеңінде мемлекет республикалық мәдениет ұйымдарын қаржыландыруды тоқтатқан жоқ.
1-11 сынып оқушыларына арналған онлайн форматтағы «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-танымдық жоба іске қосылды. Жобаның қаралым саны 2 млн-ға жуық адамды қамтыды, m-mura.kz сайтына 10 000-нан астам қатысушылар тіркелген.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына Мемлекет басшысы қол қойды.
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заң қабылданды.
Бүгінгі күні жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне 11200-ден астам объект кіреді, оның ішінде 10 - ЮНЕСКО әлемдік мұрасына енген (Қ.А. Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтері, Талғар қалашығы, Қарамерген, Қаялық, Ақыртас, Құлан, Мерке, Өрнек және Қостөбе).
«Таңбалы», «Ұлытау» және «Отырар» қорық-музейлерінің Сапар орталықтары ғимараттарының құрылысы аяқталды.
27 тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді.
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 5 республикалық мәдениет ұжымына «Ұлттық» атағы берілді.
Ағымдағы жылдың қараша айында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының жаңа ғимараты ашылды.
Күрделі жөндеуден өткеннен кейін Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры ашылды.
Еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласының бой көтеруі жалғасып келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапары барысында қаланың даму жоспарымен танысты.
Бүгінгі күні Түркістан қаласында «Ұлы Дала Елі» музейін музейлендіру жұмыстары аяқталды. «Қожа Ахмет Ясауи» музейін музейлендіру, Қазақ хандары мемориалды кешені мен облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана ғимаратының құрылыстары жалғасуда. Драма театры мен Конгресс орталықтың құрылысы аяқталды.
Биыл 13 фильмнің түсірілімі аяқталды, оның ішінде көркем фильмдер - «Мұқағали», «Огонь», «Обучение Адемоки», документалды - «Туркистан: сегодня, завтра», «Қасым Жакибаев», «Последний рубеж», қысқаметражды - «Граната», «Горячее озеро», «Рух», «Құс», «Самый долгий день лета», «Көше ақыны» және анимациялық - «Ботай – арғымақтар мекені».
Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы бойынша алғаш рет әдебиет саласында 61 шығарманың авторы болып табылатын жазушылар мен ақындарға авторлық гонорар төленді.
891 500 экземпляр тиражымен қоғамдық маңызы бар әдебиеттің 313 атауы басылып шықты.
Әл-Фарабидың 1150 жылдығы аясында «Әл-Фараби - Шығыстың ұлы ойшылы», «Әл-Фараби және заманауи Қазақстан философиясы», «Әль-Фараби көпірі» және ойшылдың шығармалары 15 томда басылып шықты.
 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
18.04.2024
Денисов дом культуры
Бүгін Денисов ауданының мәдениет қызметкерлері Тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыруға арналған «Киелі мекен» тақырыбындағы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші апталығына белсене қатысты.
18.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 18 сәуір күні Денисов жалпы білім беретін мектебінде аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің пробация қызметінің қызметкері Т. Р. Сикировамен бірлесіп оқушыларға арналған "Заң және тәртіп" атты сабақ өткізді
17.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» қалалық мәдениет сарайында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы – Куц Кристина Георгиевнамен кездесу өткізді. Кристина Георгиевна декларациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді және 250.00, 270.00 нысаныңдағы декларацияны ұсыну бойынша практикалық көмек көрсетті.
15.04.2024
Денисов дом культуры
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке қатысты
12.04.2024
Денисов дом культуры
Аудандық мәдениет үйі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында "Таза өлке"акциясын өткізді.
11.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. «Таза өлке» ауласын тазалау жұмыстары.
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ (ЗАЛАЛДЫ) ӨТЕУ ТӘРТІБІ
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
05.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Губенко Алексей Алексеевич – оркестрді құрушы және жетекшісі, кәсіби үрмелі дирижер, әскери дирижер және запастағы майор, республикалық және халықаралық байқаулардың дипломанты. Қостанай облысының мәдениет және өнер қайраткерлері клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, авторлық лицензиясы бар жоғары біліктілік санатындағы музыкант-педагог, Қазақстан Республикасы мәдениетінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» және «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік төсбелгілерінің иегері.
29.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 29 наурыз күні автомобилист спорт кешенінде 2011-2013 жылдары туған Денисов ауданының оқушылары арасында «POLYMETAL» компаниясының жүлделері үшін шағын футболдан турнир ашылды
29.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық театр күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 24 наурыз күні "Автомобилист" спорт кешенінде жаттықтырушылар Б. К. Дибиров пен Б. Г. Игисеновты еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 23 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке шықты
25.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Мирас» мәдение сарайының әртістері мен балалар шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы
24.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 21 наурыз күні Денисов ауылының орталық алаңында «Батыр жылы» атағы үшін 4,5,6 тур «БАТЫР ШОУ» байқауы өтті
24.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 20 наурыз күні аудандық мәдениет Үйінің көрермендер залында "БАТЫР ШОУ" байқауы 1,2,3 тур өтті
23.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Золотой фазан» демалыс орталығында «Мирас» мәдениет сарайының әртістерірының концерттік бағдарламасы
22.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 22 наурыз күні облыс әкімдігінің алаңында Наурыз мейрамына орай "Қош келдің, Әз Наурыз"атты театрландырылған бағдарлама өткізілді
22.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Бейімбет Майлин аудан орталығында көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы аталып өтті.
22.03.2024
Әулиекөл дом культуры
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý