Бұл вирус тым аяусыз, індет жұқтырғандар арасында көз жұмғандар пайызы ұлғайды, кеселдің осал тұсын табу әлі күнге мүмкін болмай отыр. Облыс басшылығы осы дерттің таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шектеу шараларын енгізген болатын. Ал біздің міндетіміз – осынау қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындау.
Сондықтан сіздерден карантин талаптарына жауапкершілікпен қарап, коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған мынадай қарапайым ережелерді есте ұстауды өтінеміз:
- қорғаныш маскасын тағыңыз;
- қолыңызды жиі жиуыңыз;
- адамдар көп жиналатын жерден аулақтау жүріңіз;
- әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз;
- шұғыл қажеттілік болмаса, тұрғын үйден тысқа бейсауат шықпаңыз;
- басқа аймақтарға және өзге елдерге бару жоспарын кейінге қалдыра тұрыңыз;
- дәрігерлердің басқа да ескертпелерін қатаң ұстаныңыз.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!!!
Біздің болашағымыз өзіміздің тәртіптілігіміз бен ауызбірлігімізге тікелей байланысты!
Шектеу шараларын сақтаңыздар, өзіңізді де, туыс-туғандарыңызды да қауіпке душар етпеңіз!
