Құрметті Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының қызметкерлері және облыстық мәдениет ұйымдарындағы әріптестер!
Карантин кезінде сіздерден көпшілік қауым бас қосатын жиындарға және отбасылық шараларға қатысуды тыя тұруларыңызды өтініп сұраймыз! Қонаққа барудан бас тарту арқылы өзіңіздің де, айналаңыздағы жандардың да індет жұқтыру қатерінен аулақ етуге мүмкіндігіңіз бар.
Сіздер үйде қала отырып, егде жастағы кісілердің, яғни ата-әжелеріңіз бен көршілеріңіздің және сіз жақын араласатын өзге де көптеген адамның қауіпсіздігі мен есен-саулығына кепіл бола аласыз.
Үйден шыққан кезде де адамдардан кемінде 1 метр арақашықтық сақтаңыз, әсіресе жөтелі, тұмауы бар және дене қызуы жоғары адамдардан алшақтау жүріңіз. Ғимарат ішіне кірсеңіз, қосымша арақашықтық сақтау қажет екенін естен шығармаңыз.
Адамдардан неғұрлым алшағырақ жүрсеңіз, соғұрлым қауіпсіздігіңіз сақталады.


