altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
ҚАБІЛЕТТІ ӘДІЛЕТТІҢ ҚАДАМЫ
24.11.2020
1531
0
Жандос Жүсіпбек
 
Қазақтың кино қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты. "Ұлы дала зары" аталатын фильм ашаршылық нәубетін, кеңес дәуірінің қанқұмарлары қолдан жасаған, қазақтың 70 пайызын жойып жіберген зұлматты бейнелейді.


Жалпы, осы тақырыпта түсірілген киномыз соншалық көп емес. Бұл фильм сол аздың біріне айналып отыр. Оның үстіне, зілдей қасіретті, жан түршіктірер жауыздықты тап осы туындыдай айна-қатесіз, әсерлі әрі нанымды берген картинаны көрмеппіз десек, қателесе қоймас едік. Ауыз толтыра айтар тағы бір жаңалық – осы кинода басты рөлдердің бірін қостанайлық оқушы Әділет Жанғали сомдады.
 
Жалпы, тарихымыздың осынау тақсіретті тарауын әлем жүзіне таныту қажеттігі туралы пікірлер ұдайы айтылады. Бірақ сөздің іске айналып жатқанын көзіміз шала қоймапты. Жаһан назарына сапалы киноөнім ұсыну осы мұратқа жақындататын бір жол сияқты. Бұл тұрғыдан алғанда,"Ұлы дала зары" фильмі діттеген нысанасынан қиыс кетпеді деп есептейміз. Өйткені осы туынды әлемге әйгілі "Алтын глобус" сыйлығының "Ең үздік шетелдік фильм" аталымы бойынша үміткерлер қатарынан көрініп, 7-8-9 қарашада Лос-Анджелес қаласында өткен фестивальдің шымылдығын ашып беріпті. Бұның өзін мұхиттың арғы бетіндегі талғампаз киногерлердің тың туындыға деген бағасы мен құрметі деп қабылдауға болады.
 
Осы фильмде басты кейіпкерлердің бірі саналған Ілиястың рөлін жерлесіміз Әділет Сәбитұлы Жанғали сәтті сомдап шықты. Біз де бұл жаңалықты естісімен балғын әртістің қолын алып құттықтаудың ретін таптық, әңгімеге тартып көрдік. Балдырған да білгіміз келген, өресіне сай қойылған сұрақтардың барлығына мүдірмей, тиянақты жауап беруге тырысты.
 


Болашағынан зор үміт күттіретін Әділет бүгінде Қостанайда Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің 6 "б" сыныбында оқиды. Өзін әріден таныстырған ол тамырының Торғай жерінен екенін айтты. "Мен Көкалат ауылында беделді болған кісі Ғарифолланың шөбересімін" деп бастады ол әңгімесін. Ал, енді, бұл киноға түсуге әпкесінің түрткі болуымен жолдама алыпты.
 
"Осы фильмге кастинг болып жатқанын Айдана тәтем интернеттен көріпті. Сосын пробаға түсіп (сынақ тапсырмасы. - авт.), олардың электронды почталарына жібердік. Бірақ біз бұл кастингтен өтетінімізге сенімді болдық деп айта алмаймын. Содан кейін өздері хабарласып, өткенімізді айтып, тағы да тапсырмалар берді. Осылай екінші кезеңнен де өтіп, жолым болып кетті", - дейді Әділет.
 
Ол тәптіштеп бергендей, фильмнің режиссері Марина Кунарова, бас продюсері Ернар Маликов есімді дарынды тұлғалар екен. Кино түсіріліміне, арасындағы үзілістерді қоса есептегенде, 5 жылға жуық уақыт кетіпті.
 
"Түсірілім Алматы облысының таулы аймақтарында жүргізілді. Мен Алматыға екі рет ұшақпен барып келдім. Қасымда әжем болды, - дейді Әділет. - Киноның басым бөлігі қыста түсірілгесін қиыншылықтар көп болды. Күн суық, үстімде – ескі тон, аяғымда – пима, сол пимамен ағып жатқан салқын судан өтуім керек болды. Сол күні қатты тоңғаным әлі есімде. Бірақ сондай қалшылдап тоңған кездерде желілік продюсер Есения тәте мені жылы көрпеге орап, ыстық шайын беріп, бойымды жылытып, сондай мейірімділік көрсететін. Сол кісінің арқасында ауру-сырқаудан аман болдық деп ойлаймын".
 
Әділет "Ұлы дала зары" фильмінде Ілияс атты жеткіншектің рөлін ойнайды. Әкесі Тұрар мен анасы Нұрияның үш баласының тұңғышы. Сценарий бойынша, ақыр соңында зұлмат пен залымдық тырнағынан аман құтылып, бір әулеттен осы Ілияс қана тірі қалады. Айта кетейік, Әділеттің өзімен жолыққанға дейін осы фильмді арнайы сайттан көріп шыққан болатынбыз. Шыны керек, киноның басынан аяғына дейін демімізді ішке тартып, кей тұсында тұла-бой түршігіп, кей сәтінде еріксіз көңіл босап, айрықша әсер алдық. Әділеттің қабілетіне де ерекше тәнті болдық. Әйткенмен, өзінің ойыны туралы өзінен сұрағанымызда, мақтануға сараңдық байқатты.
 
"Рөлді қалай ойнап шыққаныма өзім баға беруден аулақпын. Әкемнің тәрбиесі сондай, - деді ол. - Бірақ Ернар аға мен Марина тәтеден (режиссер мен продюсерді айтып отыр - авт.) мақтау естігенімді жасырмаймын... Тағы бір ерекше жағдайды айта кетейінші, бір эпизодта маған қасқыр шабуыл жасап, үстіме секіріп мінетін сәт бар. Сол жерде шынымен қорыққанымнан айқайладым. Сонда алаңдағы барлық актердің "осы көріністі шынайы орындадың" деп әзілдеп күліп алғаны бар. Ал маған бұл мүлдем күлкілі болған жоқ".
 
Фильмнің сәтті шығуына ірі басты әртістер құрамының да әсері болғаны сөзсіз. Айталық, бұл туындыда Дулыға Ақмолда, Саяжан Құлымбетова, Ақылқан Алмасов, Сафуан Шаймерден секілді осы өнердің жілігін шағып, майын ішкен майталмандар ойнаған. Әділет бала болса да осындай сақа актерлермен бір алаңда жүріп, сабақ алып, тәжірибе жинағанын, өзін мұндай мүмкіндіктің туғаны үшін де бақытты сезінгенін айтты. Оған өз рөлін сәтті алып шығуына осындай атмосфераның да ықпалы тиген болар.
 
Айтпақшы, "Ұлы дала зары" Әділет түскен алғашқы кино емес екен. Осыған дейін ол "Бастық боламын" атты отандық телесериалдың наурыз мейрамы қарсаңында түсірілген "Наурызда бастық боламын" атты сериясында ойнаған. Ол кезде де интернет арқылы кастингке қатысып, таланы түсіп, топ жарған екен. Сол жолы да тәтесінің көмегі тиіпті.
 
"Мен үшін осындай кастингтерді іздеп жүретін Айдана тәтеме жанашырлығы үшін рахметімді айтамын. Айдана тәтем Қостанай қаласындағы №17 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі", - деп жанашырын жақынырақ таныстыра өтті Әділет.
 
Жас әртіске киноға түсуге әлі күнге шақыртулар келіп тұрады. Бірақ түсірілімдердің барлығы Алматы қаласында өтетіндіктен, облыстың шалғайлығына байланысты, үнемі бас тартуына тура келеді. Оның үстіне, зерек оқушы сабағына көбірек көңіл бөлгенді жөн санайды. Бір қызығы, ішіміз сезіп-біліп тұрса да болашақ мамандығы туралы сұрап көрген едік, Әділеттің қалауы туралы асығыстау шешім шығарып қойғандаймыз.
 
"Негізі, актерліктен гөрі Геннадий Головкин, Жәнібек Әлімханұлы, Данияр Елеусінов, Садриддин Ахметов ағаларым сияқты кәсіпқой босктан әлем чемпионы болғым келеді. Осы ағаларым сияқты елімнің көк байрағын желбірету – басты арманым", - дейді Әділет батыр.
 
Әділетке қай саланы таңдаса да Қазақстанды әлемге әйгілейтін әуселесі биік азамат болсын деген тілек айтамыз!

 
            Р.S. Егер "Ұлы дала зары" фильмін көргілеріңіз келсе, интернет арқылы cinexus.kz сайтына жүгінсеңіздер болады. Сеанс құны – 700 теңге. Туынды авторларының айтуынша, көрермендерден жиылған қаржы осы киноны дүние жүзіне насихаттауға жұмсалмақ.
 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
20.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» мәдениет сарайының сахнасында «Pro Танцы KZ» халықаралық чемпионаты өтті
18.04.2024
Денисов дом культуры
Бүгін Денисов ауданының мәдениет қызметкерлері Тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыруға арналған «Киелі мекен» тақырыбындағы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші апталығына белсене қатысты.
18.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 18 сәуір күні Денисов жалпы білім беретін мектебінде аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің пробация қызметінің қызметкері Т. Р. Сикировамен бірлесіп оқушыларға арналған "Заң және тәртіп" атты сабақ өткізді
17.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» қалалық мәдениет сарайында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы – Куц Кристина Георгиевнамен кездесу өткізді. Кристина Георгиевна декларациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді және 250.00, 270.00 нысаныңдағы декларацияны ұсыну бойынша практикалық көмек көрсетті.
15.04.2024
Денисов дом культуры
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке қатысты
12.04.2024
Денисов дом культуры
Аудандық мәдениет үйі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында "Таза өлке"акциясын өткізді.
11.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. «Таза өлке» ауласын тазалау жұмыстары.
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ (ЗАЛАЛДЫ) ӨТЕУ ТӘРТІБІ
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
05.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Губенко Алексей Алексеевич – оркестрді құрушы және жетекшісі, кәсіби үрмелі дирижер, әскери дирижер және запастағы майор, республикалық және халықаралық байқаулардың дипломанты. Қостанай облысының мәдениет және өнер қайраткерлері клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, авторлық лицензиясы бар жоғары біліктілік санатындағы музыкант-педагог, Қазақстан Республикасы мәдениетінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» және «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік төсбелгілерінің иегері.
29.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 29 наурыз күні автомобилист спорт кешенінде 2011-2013 жылдары туған Денисов ауданының оқушылары арасында «POLYMETAL» компаниясының жүлделері үшін шағын футболдан турнир ашылды
29.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық театр күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 24 наурыз күні "Автомобилист" спорт кешенінде жаттықтырушылар Б. К. Дибиров пен Б. Г. Игисеновты еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 23 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке шықты
25.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Мирас» мәдение сарайының әртістері мен балалар шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы
24.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 21 наурыз күні Денисов ауылының орталық алаңында «Батыр жылы» атағы үшін 4,5,6 тур «БАТЫР ШОУ» байқауы өтті
24.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 20 наурыз күні аудандық мәдениет Үйінің көрермендер залында "БАТЫР ШОУ" байқауы 1,2,3 тур өтті
23.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Золотой фазан» демалыс орталығында «Мирас» мәдениет сарайының әртістерірының концерттік бағдарламасы
22.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 22 наурыз күні облыс әкімдігінің алаңында Наурыз мейрамына орай "Қош келдің, Әз Наурыз"атты театрландырылған бағдарлама өткізілді
22.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Бейімбет Майлин аудан орталығында көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы аталып өтті.
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý